МАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ

IT мамандықтарының студенттері «EPAM Қазақстан» халықаралық ақпараттық компаниясы өткізетін тренингтер мен семинарларда оқуға мүмкіндік алады. ІТ мамандықтарының тәжірибе өту базаларына Қарағанды ​​қаласының және облыстың ірі фирмалары мен компаниялары кіреді:

РГКП “Институт прикладной математики” КН МОН РК г.Караганды ҚР БҒМ ҒК “Қолданбалы математика институты” РМҚК
Рекламно-производственная фирма “Print Shop” ИП Черемухина Н.И. г.Караганды “Print Shop” жарнама-өндірістік компаниясы ИП Черемухина Н.И. Қарағанды қ.
ТОО “EPAM Kazakhstan” (ЭПАМ Казахстан) “EPAM Kazakhstan” (ЭПАМ Казахстан) ЖШС
ТОО “Gexabyte ” г. Караганды “Gexabyte ” ЖШС Қарағанды қ.
ТОО “iQ-SOLUTIONS” г.Астана “iQ-SOLUTIONS” ЖШС Нұрсұлтан қ.
ТОО “Корпорация Казахмыс” г.Караганды “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС Қарағанды қ.
ТОО “Национальная платформа IT-образования” г. Караганды “IT-білім беру Ұлттық платформасы” ЖШС Қарағанды қ.
ТОО “Центр информационных технологий “WTO” г.Караганды “WTO” Ақпараттық технологиялар орталығы” ЖШС Қарағанды қ.
ТОО “Центр инновационных технологий “Өрлеу” г.Караганды “Өрлеу” инновациялық технологиялар орталығы” ЖШС Қарағанды қ.
РГУ “Департамент Государственных Доходов по Карагандинской области Комитет
Государственных Доходов Министерство финансов Республики Казахстан” г.Караганды
“Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Комитеті” РММ
РГУ “Департамент статистики Карагандинской области” “Қарағанды облысының статистика департаменті” РММ
КГУ “Специализированная школа-лицей-интернат “Информационных технологий” г. Караганды “Ақпараттық технологиялар” мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты” КММ Қарағанды қ.
ГУ “Ревизионная комиссия по Карагандинской области” г.Караганды “Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” ММ Қарағанды қ.
ГУ “Управление здравоохранения по Карагандинской области” г.Караганды “Қарағанды облысының денсаулық басқармасы” ММ Қарағанды қ.
КГП “Поликлиника № 1” г.Караганды “Емхана №1” КММ Қарағанды қ.
Образовательный центр “FurdoPlast” г.Караганды “FurdoPlast” білім беру орталығы Қарағанды қ.
Палата предпринимателей Карагандинской области Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы

Бакалавриат

2019 жылдан бастап 6B06103 «Ақпараттық жүйелер», 6B01505 «Информатика», 6B06101 «Информатика», 6B01506 «Информатика, АКТ және робототехника», 6В06104 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтарына талапкерлер қабылданады.

6B01505 – Информатика / 5B011100-Информатика (білім)

Информатика мұғалімі – білім беру үдерісін тиімді құру, заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, сабақ және аудиториядан тыс іс-шаралар мен студенттерді ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарына тарту арқылы өзгеретін өмір жағдайына бейімделе алатын ақпараттық-сауатты адамды оқытатын педагог.

Түлектер мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта, мамандандырылған мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында информатика және АКТ оқытушылары ретінде ,сонымен қатар , басқару ұйымдары: мемлекеттік органдар, білім беру бөлімдері; қосымша білім беру мекемелерінде, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен робототехникамен байланысты клубтар мен орталықтарда жұмыс істей алады. Түлектер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізе алады.

6B06101 – Информатика / 5B060200-Информатика (жаратылыстану ғылымдары)

Информатика – сұранысқа ие қызмет салаларының бірі. Егер сіз ақпараттық технологиялар саласында іргелі және қолданбалы білімі бар, еңбек нарығының қазіргі жағдайында ғылыми және кәсіптік қызметті жүзеге асыруға дағдылана біліп, бәсекеге қабілетті маман болғыңыз келсе – сізді «Информатика» мамандығы бойынша ғылым бакалаврына шақырамыз. Сіз қолданбалы математиканы, информатиканы және ақпараттық технологияларды кәсіптік қызметте қолдану әдістерін меңгересіз.

Түлектер басқару ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, қолданбалы математика және информатика әдістерін кәсіби қызметте компьютерлік технологияларды пайдаланып компьютерлік және ақпараттық орталықтарда жұмыс істей алады. Түлектер математик-программист, бағдарламалық жасақтама әзірлеуші, деректер базасын басқару жөніндегі маман, жүйелік талдаушы, жүйелік әкімші және желілік әкімші, бағдарламалық қамтамасыз етуді ұстау бойынша маман лауазымын атқара алады.

6B06103 – Ақпараттық жүйелер / 5B070300-Ақпараттық жүйелер

6B06103 / 5B070300 Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша контингент

 

Жылдар

1 курсқа түскендер

Студенттердің жалпы саны

2015-2016
42
99
2016-2017
61
134
2017-2018
60
148
2018-2019
40
143
2019-2020
107
209

 

 

Ақпараттық технологиялар мен жүйелер жоғары сұранысқа ие IT салаларының бірі болып табылады. Егер Сіз жоғары технологиялар әлемінде кәсіби маман болғыңыз келсе – кең профильді IT-мамандарды даярлау бағдарламасына қош келдіңіз. Сіз ақпараттық жүйелерді әзірлеу және басқару, компьютерлік желілерді жобалау, әртүрлі салаларда бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және еңгізу дағдыларын меңгересіз.

6B06103 / 5B070300 Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибе өту базалары

Біздің түлектер әр түрлі индустриалды және ақпараттық салаларда ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және еңгізуге бағыттылған түрлі меншіктік кәсіпорындарда және ұйымдарда жұмыс істей алады. Сонымен қатар ,мамандықтың түлектері бағдарламалық жасақтама дизайнерлері, бағдарламашылар, контент менеджерлері, жүйелік және желілік әкімшілер, дерекқорды басқару мамандары, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу мамандары, бизнес сарапшылары, жүйелік талдаушылар және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандары ретінде жұмыс істей алады.

6В06104 – Математикалық және компьютерлік моделдеу / 5B070500-Математикалық және компьютерлік моделдеу

Математикалық және компьютерлік модельдеу – бұл ең перспективалы бағыттардың бірі. Егер сіз еңбек нарығында сұранысқа ие болғыңыз келсе, математика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық технологиялар және бағдарламалау саласында жоғары білікті маман болғыңыз келсе – математикалық және компьютерлік модельдеу саласында мамандарды даярлау бағдарламасына қош келдіңіздер.

Түлектер қолданбалы математика және информатика, ғылыми-технологиялық процестерді математикалық модельдеу, кәсіби қызметте компьютерлік модельдеу әдістерін пайдаланатын ғылыми ұйымдарда, компьютерлік және ақпараттық орталықтарда жұмыс істей алады.

Түлектер математик-программист, жүйелік аналитик, жүйелік және желілік администратор, визуализатор, әр түрлі объектілердің компьютерлік дизайнері қызметтерін атқара алады.

6B01506 – Информатика, АКТ және робототехника

Тұрақты техникалық прогресс күнделікті өмір сапасына ғана емес, сонымен қатар білім беру саласына де әсеретеді. Сандық және IT әлеміндегі тұрақты өзгерістер осы саладағы педагогикалық құрамның өкілдерін өз білімін жетілдіруде үздіксіз болуға мәжбүр етеді. Информатика және робототехника мұғалімдері өте қажет және перспективалы.

Түлектер мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде, техникалық және кәсіптік білім беретін оқуорындарында жұмыс істей алады; басқару ұйымдары: мемлекеттік органдар, білім беру бөлімдері; қосымша білім беру мекемелерінде, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен робототехникамен байланысты клубтар мен орталықтар. Математикалық және компьютерлік модельдеу ең перспективті бағыттардың бірі болып табылады. Егер сіз еңбек нарығында сұранысқа ие маман болғыныз келсе математика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық технологиялар және программалау саласында жоғары білікті маман болғаныңызды қаласаңы зматематикалық және компьютерлік модельдеу саласындағы мамандарды даярлау бағдарламасына қош келдіңіз.

Магистратура

7М01501201 – Информатика

«Информатика» магистрлік бағдарламасы компьютерлік ғылымды басқаларға үйрету үшін білім беру ісіне өзін арнауды қалайтындарға лайықты. «7M01501201-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрін даярлау бағдарламасы студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында, Computer Science бағыты бойынша құзыреттілікке ие болады: бағдарламалық өнімдер мен қосымшаларды әзірлеу, Web-технологиялар, педагогикалық мәселелерді шешу үшін визуализация және модельдеу.

7M01501201-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған педагогика ғылымдарының магистрлері мемлекеттік органдарда, білім беру бөлімдерінде, орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде, меншік нысандары мен бөлімдік бағыныстылығына қарамастан университеттерде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында жұмыс істей алады.

7M06109401 – Информатика

Магистрлік бағдарлама білім алушыларға таңдалған салаларда мүмкіндігін жетілдіруді ұсынады. Студентке бакалавриат бағдарламасын бітіргеннен кейін магистратура, қолданбалы математика және информатика саласында қосымша мамандануды ұсынады. Жаратылыстану магистрі дегеніміз не? Бұл бағдарлама білім алушыларға ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың өсіп келе жатқан салалары бойынша навигация үшін қажетті құралдарды әзірлеуге көмектеседі. Қолданбалы математика және информатика, бағдарламалық инженерия, Ақпараттық жүйелер және есептеу процестері әдетте магистранттарды дамытуда орталық рөл атқарады.

Бітірушілер жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында, басқару органдарында, департаменттерде, қаржы ұйымдарында, бизнес-құрылымдарда, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар да, математика, қолданбалы информатика және компьютерлік технологияларды өздерінің кәсіби қызметінде әдістерін қолдана отырып , жұмыс істей алады; колледждер де және университеттер де сабақ бере алады.

7М06109402 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар

Ғылыми және педагогикалық бағыт. Оқу мерзімі-2 жыл. “Ақпараттық жүйелер және технологиялар” магистрлік бағдарламасының түлегіне “техника ғылымдарының магистрі” академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасы негізгі IT бағыттарын зерттеуге бағытталған: клиент-серверлік кросс-платформалық қосымшаларды, ақпараттық жүйелерді, қазіргі заманғы деректер базасын жасау.