Ешкеев Айбат Рафхатович

Тегі, аты-жөні: Ешкеев Айбат Рафхатұлы

Базалық мамандық: «Математик. Оқытушы», Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (1978), физико-математика ғылымдарының кандидаты (1995 ж.), физико-математика ғылымдарының докторы (2010 ж.), «Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын)» мамандығы бойынша бакалавр білімі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (2014 ж.).

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Қызметі: кафедра меңгерушісі.

Мамандық шифрі: 01.01.06 – Алгебра, математикалық логика және сандар теориясы, 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын).

Диссертация тақырыбы:

кандидаттық: «Йонсондық теориялар» (1995);

докторлық: «Жетілдірілген позитивті йонсондық теориялардың құрылымы» (2010).

Жұмыс өтілі: 38 жыл.

Ғылыми жетістіктері:

2 оқу құралдың, 2 әдістемелік құралдың, 3 монографияның, 30-дан астам оқу-әдістемелік кешендердің, электрондық дәрістер мен мультимедиялық көрсетілімдердің авторы. Ресей, Чехия, Әзірбайжан, Германия, Швеция, Малайзия, Сербия, Тайланд, Босния мен Герцеговиния, Қытай, Австрия, Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Швеция, Италия, Қазақстан және басқа елдерде шыққан 285 ғылыми нәтижелері бар. Оның ішінде Thomson Reuters деректер базасына кіретін 25 жарияланым, 6 Scopus құралы, 5 РИНЦ, 53 ҚР БҒМ ҒКБК, қалғандары халықаралық журналдарда және халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялардың жинақтарында.

1996-1997 жылдар аралығында INTAS-93-3547 Европалық бағдарламасының аясында, 2006-2008 жылдар аралығында және 2012-2014 жылдар аралығында ҚР бюджеттік грантын қаржыландыру бойынша ғылыми жобалардың жетекшісі болды.

20 наурыз 2017 ж. Прага қаласындағы (Чех Республикасы) Карлов университетінің физико-математика факультетінің «Алгебра» кафедрасының алгебралық семинарында «The properties of Jonsson theories and their models» тақырыбында баяндама жасады.

24 қыркүйек 2017 жыл – 8 қазан 2017 жыл аралығында Лион-1 (Франция) Клод Бернар университетінде шетелдік ғылыми іс-сапардан өтті. Осы уақыт аралығында Камиль Жордан институтының ұжымымен ғылыми тәжірибемен алмастырды және 5 қазан 2017 жылы осы институттын модельдер теориясы ғылыми семинарында «-Jonsson theories and their classes of models» тақырыбында баяндама жасады.

6 мамыр – 10 мамыр 2019 жыл аралығында «Erasmus» бағдарламасы аясында Катовице қаласының (Польша) Экономика университетінде «Интернет-коммуникациямен басқару» 9-шы халықаралық аптасында «Модельдер теориясы» дәрістер курсын оқыды.

Қазіргі заманғы логиктердің ең үлкен ұйымы «Association for symbolic logic» (ASL) Символикалық логиктер Халықаралық ассоциацияның мүшесі.

Студенттердің дипломдық жұмыстарының және магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болып табылады. 30-дан астам магистрант дайындады. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен 2019 жылы 1 докторант және осы уақытқа дейін 30-дан астам магистрант қорғады.

Clarivate Analytics (ThR) және Scopus мәліметтер базасына енетін ғылыми еңбектері (соңғы 5 жылда) Thomson Reuters мәліметтер базасына енетін 25 басылым, Scopus-6 басылым.

Clarivate Analytics (ThR) және Scopus мәліметтер базасындағы Хирша индексі (соңғы 5 жылда): Web of Science базасы бойынша – 5, Scopus базасы бойынша – 2.

Оқитын курстары: Сақиналар мен модульдер (ағылшынша), Алгебра, геометрия мен логиканың өзекті мәселелері, Профессиональная иностранная терминология в математике, Abstract Algebra, Теориялар және олардың модельдер класстары (ағылшынша), Алгебраның, математикалық логиканың және геометрияның іргелі сұрақтары, Фундаментальные вопросы алгебры, геометрии и логики, Актуальные проблемы алгебры, геометрии и логики, Алгебра, геометрия мен логиканың өзекті мәселелері, Selected questions of Model Theory, Selected questions of Algebra және басқалары.

Біліктілікті жетілдіру жайындығы мәлімет:

куәлік № 255011, Біліктілікті жетілдіру факультеті, 31 мамыр, 2011 жыл;

Куәлік №0126475, АҚ «Біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» Өрлеу»,

куәлік №084 040 600, педагогика негізгі принциптері, Universitat политехникалық де Валенсия, 12.11.2013;

Basic Principles for university pedagogy, Universitat Politecnica de Valencia, 12.11.2013;

British Council conference, Approaches to Teaching Content throught English;

Content and Language Integrated Learning (CLIL), Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды, 02.03.2016;

3 желтоқсан – 20 желтоқсан 2018 жыл аралығында «Jipka General English» (Прага қ., Чех Республикасы) тілдік мектебінде шетелдік іс-сапардан өтті.

Ғылыми қызығушылығы: модельдер теориясы.

Марапаттаулар мен атақтары:

“ҚарМУ-ға 40 жыл. академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 40 жылдық мерейтойына байланысты университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін (2012 ж.);

“Е. А. Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері” (2013 ж.);

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің Құрмет Грамотасы (2013 ж.);

Алғыс хат: “Құзыреттілікке бағытталған білім беру мазмұнының моделін іске асыру” халықаралық семинарына белсенді қатысқаны үшін, Астана қ. (2015 ж.);

“Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төс белгісі, №000423 (2016 ж.);

“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” төс белгісі №15312 (2016 ж.);

“ЖОО үздік оқытушысы 2016»;

“Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төс белгісі №135, (2017ж.).

Бимендина Айнур Узбековна

Тегі, аты-жөні: Бимендина Айнұр Өзбекқызы

Базалық мамандық: «Математика», Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (2003), «5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын)», Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Қызметі: доцент.

Мамандық шифрі: 01.01.01-математикалық талдау

Диссертация тақырыбы: кандидаттық: «Фурье-Прайс қатарлары және екіпараметрлі Лоренц кеңістігінде енгізу теоремалары» (2010);

Жұмыс өтілі: жалпы – 14 жыл, педагогикалық – 9 жыл.

Ғылыми жетістіктері: ТМД елдерінде және Қазақстанда жарияланған 38-ге жуық жарияланымдардың авторы. 1-Thomson Reuters, 1-Scopus, 3- РҒДИ және 8- БҒСБК мәліметтер базасында индекстелген жарияланымдарға ие. Ростов Дон, Екатеринбург, Саратов, Алматы, Астана және де басқа халықаралық ғылыми форумдарға, конгрестер мен симпозиумдарға, сонымен қатар халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі конференцияларға қатысты.

1 оқу әдістемелік құралдың, 40-тан астам оқу-әдістемелік кешендердің, электронды дәрістер мен мультимедиялық презентациялардың авторы.

Оқитын курстары: Математика 1, Ықтималдықтар теориясы және Математикалық статистика, Математикалық логика және дискреттік математика, Professional focused foreign language, Theory of probability and mathematical statistics, Information and communication technologies, Latexте бағдарламалау, Математикалық логика және математикалық статистика.

Біліктілікті жетілдіру жайындығы мәлімет:

Ағылшын тілі курсы. Қарағанды, 28.06.2013. «Ассол» ассоциациясы

Дәрістер мектебі. Қарағанды, 10.25.2013-23.05.2014. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ

«Заманауи педагогикалық технологиялар» ЖОО педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктіктерін арттыру курстары. Алматы, 04.30.16. «Өрлеу» БАҰО »АҚ

«Заманауи математиканың іргелі мыселері» Қарағанды, 29.08.2017 -06.09.2017. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Академик Е.А. Букетов атындағы Шет тілдер факультеті, 5В011900-Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын) Қарағанды, 31.05.2016. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Ағылшын тілі. Прага, 21.05.2017-17.06.2017. Jipka тіл мектебі

Ақпараттық технологиялар. Прага, 28.05.2017-10.06.2017. Чех техникалық университеті, ақпараттық технологиялар факультеті

«Ағылшын тілінің қарқынды оқыту курсы». Қарағанды, 23.12.2016-23.06.2016. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Шет тілінде оқытуда белсенді стратегияларды қолдану. Қарағанды, 05.04.2017 ж. ЕҚЫҰ, «Өрлеу» ұлттық ғылыми-өндірістік орталығының Қарағанды облысындағы филиалы

«Технологияларды коммерциализациялау бойынша кәсіби одақ» қоғамдық бірлестігі. Технологияларды коммерциализациялаудың практикалық аспектілері. Технологиялық коммерцияландыру кәсіпқойларының одағы. Қазақстан. Қарағанды. 30.05.2019.

Hard day . «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Қарағанды облысының әкімдігі. Қазақстан Қарағанды. 2018-2019.

«Қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы университет оқытушысын оқуға дайындау». Қарағанды, 09.09.2019 – 09.09.2019. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ.

Ғылыми қызығушылығы: Функционалдық талдау, жуықтау теориясы, ортогональдық жүйелер, ортогональдық қатарлар, дискретті математика, ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика.

Базылжанова Айгерим Серикбаевна

Тегі, аты-жөні: Базылжанова Айгерим Серикбаевна

Базалық мамандық: «5В060100 – Математика», «6М060100 – Математика», КарГУ им. Е.А.Букетова (бакалавриат – 2008 г., магистратура – 2010 г.).

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: математика магистрi.

Қызметі: оқытушы.

Мамандық шифрі: 6М060100 – Математика.

Диссертация тақырыбы: магистрлік жұмыстың тақырыбы «Ақырлы өлшемді кеңістіктерді саны бойынша талдау. Классикалық группалар».

Жұмыс өтілі: жалпы стаж – 7 жыл, педагогикалық – 7 жыл.

Ғылыми жетістіктері: “Алгебраның қосымша тараулары” атты оқу-әдістемелік құралдың авторларының бірі, 15-ке жуық мақала Қазақстанның журналдарында жарық көрген.

Соңғы 5 жылда -7 мақала.

Оқитын курстары: Математика – 1, Дискреттік математика және ықтималдықтар теориясы, Математикалық логика және дискреттік математика, Кәсіби бағытталған шет тілі, Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия

Біліктілікті жетілдіру жайындығы мәлімет:

2012 ж. “Оқу үрдісінде мультимедиялық және интерактивтік құралдарды оңдеу мен қолдану,қашықтықтан оқыту және несиелік технология жағдайында білім беру әдістемелері” курсы (ҚарМУ); 2014 ж

2014ж.”Школа лекторского мастерства” курсы (ҚарМУ);

2016 ж. “5В11900 – шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығы бойынша диплом;

2016 ж. тілдік стажировка “Jipka” тілдік мектебінде (Чехия, Прага);

2017 ж. “Заманауі математиканың іргелі мәселелері” курсы (ҚарМУ).

Ғылыми қызығушылығы: математикалық логика, алгебра, модельдер теориясы.

Есенбаева Гульсим Ахмадиевна

Тегі, аты-жөні: Есенбаева Гулсім Ахмадиқызы

Базалық мамандық: «Механика», Ленинград мемлекеттік университеті (1982.); «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі)», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2014)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: физика-математика ғылымдарының кандидаты

Қызметі: доцент

Мамандық шифрі: 01.02.04 – Механика, 01.01.01 – Математикалық талдау, 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі)

Диссертация тақырыбы: Спектрлі гармоникалық интервалдағы тригонометриялық көпмүшеліктер функциясының жуықтауы

Жұмыс өтілі: 37 жыл

Ғылыми жетістіктері:

130-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың авторы, оның ішінде: Thomson Reuters деректер базасында 16 мақала, Scopus деректер базасында 2 мақала, РИНЦ, ҚР ККСОН журналдарында, халықаралық журналдарда және халықаралық конференциялар жинақтарында 70-тен астам ғылыми мақалалар; 2 зияткерлік меншік объектісі, электрондық оқулық, 9 оқу құралы, 13 әдістемелік нұсқаулар, 50-ден астам оқу-әдістемелік кешендер; көптеген электронды дәрістер мен мультимедиялық презентациялардың авторы.

2017-2019 жылдар аралығында 26 мақала жарияланды, оның ішінде: Thomson Reuters деректер базасында 10 мақала, Scopus деректер базасында 2 мақала, ККСОН журналында 3 мақала, халықаралық журналдарда және халықаралық конференциялар жинақтарында 11 мақала; 2 оқу құралы.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» бағдарламасына арналған тест тапсырмаларының сараптау комиссиясының мүшесі (2012 – 2016 жж.).

ҚР БҒМ апелляциялық комиссиясының мүшесі (2019 ж.)

Оқитын курстары: Математикалық талдау, Дифференциалдық теңдеулер, Комплекс айнымалы функциялар теориясы, Complex analysis, Вариациялық есептеулер, Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, Интегралдық теңдеулер, Функционалдық талдау, , Кәсіби-бағытталған шетел тілі, Дифференциалдық геометрия және топология, Геометрияның таңдамалы сұрақтары, Professionally-oriented foreign language, Computer mechanics, Инженерлік құрылым элементтерін есептеу, Пластиналар және қабыршақтар теориясы, Сұйықтықтар мен газдар механикасы, Fundamental questions of elastic bodies mechanics, Құрылымдардың динамикасы мен тұрақтылығы, Гидродинамика есептерін модельдеу және т.б.

Біліктілікті жетілдіру жайындығы мәлімет:

«Функциялардың аппроксимация теориясы және оны қолдану» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту туралы сертификат № 270010 (маусым 2010ж.) (ҚарМУ, Қарағанды қ.);

“Ағылшын тілінің интенсивті курсы (В1 деңгейі)” бағдарламасы бойынша бір жылдық біліктілікті арттыру курсынан өту туралы сертификат №254011 (мамыр 2011ж.) (ҚарМУ, Қарағанды қ.);

«Оқу үрдісінде мультимедиялық және интерактивті құралдарды әзірлеу және пайдалану және кредиттік оқыту технологиясы жағдайында оқыту әдістемесі» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту туралы сертификат №309011 (маусым 2011ж.) (ҚарМУ, Қарағанды қ.);

«Ағылшын тілін оқытудың интенсивті курсы (В2 деңгейі)» бағдарламасы бойынша бір жылдық біліктілікті арттыру курсынан өту туралы сертификат №590012 (мамыр 2012ж.) (ҚарМУ, Қарағанды қ.);

«Кәсіби қызмет саласындағы ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын өту туралы сертификат № 564012 (маусым 2012 ж.) (ҚарМУ, Қарағанды қ.);

«Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жағдайында қолданбалы дидактикалық материалдарды әзірлеу және оқыту әдістемесі» тақырыбы бойынша оқыту семинарының жұмысы туралы сертификат №027013 (қаңтар 2013ж.) (ҚарМУ, Қарағанды қ.);

«Enhancing Learning and Teaching in Higher Education» бағдарламасын өту туралы сертификат (қазан 2013 ж.) (Ньюкасл университеті, Ньюкасл қ., Ұлыбритания);

«Өрлеу» Республикалық үздіксіз білім беру институты ФАО-да ұлттық үздіксіз білім беру орталығы»-да Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған үздіксіз білім беру бағдарламасы бойынша (240 сағат, оқыту тілі – ағылшын тілі) білім беру курстарының өту туралы сертификат № 0125906 (қараша, 2013 ж.) (Алматы);

ҚР БҒМ, Еуроодақ және Еуропа Кеңесінің “Қазақстандағы демократиялық азаматтық тәрбиелеу және білім беру саласындағы білім саясатын қолдау” бірлескен бағдарламасы аясында өткізілген “Оқу орындарын демократиялық басқаруға жәрдемдесу” халықаралық конференциясының жұмысына қатысу сертификаты (маусым 2014 ж.) ) (Қарағанды қ.);

Педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі оқытушысының сертификаты (маусым 2015 ж.) (Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қ.);

Сертификат (март 2016г.) участия в работе конференции: The British Council conference «Approaches to Teaching Content through English: Content and Language Integrated Learning (CLIL)» (КарГУ, г. Караганда);

«Функциялар теориясы, функционалдық талдау және оларды қолдану» атты халықаралық ғылыми симпозиумға қатысу туралы сертификат (мамыр 2017 ж.) (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Қазақстан филиалы, Нұр-Сұлтан, қ);

Ағылшын тілі курсын өту туралы сертификат (шілде-тамыз, 2017) (“Jipka” мектебі, Прага қ.);

«Университеттің оқытушысын қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқуға дайындау» тақырыбы бойынша курстан өту туралы сертификат №404019 (қыркүйек 2019 ж.) (КарМУ, Қарағанды қ.).

Ғылыми қызығушылығы: Жүктелген дифференциалдық теңдеулер, Жуықтау теориясы, Тербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, Механика, Кәсіби қызмет саласында ағылшын тілі.

Марапаттаулар мен атақтары: Академик Е.А. Бөкетов атындағы университеттің 40 жылдығына арналған медаль, алғыстар ,грамоталар, дипломдар.

Касыметова Майра Техниковна

Тегі, аты-жөні: Касыметова Майра Техниковна

Базалық мамандық: «Математика», Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ (1990)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогикалық ғылымдарының магистрі

Қызметі: аға оқытушы

Мамандық шифрі: 6М010900 – Математика

Диссертация тақырыбы: Категориялық йонсондық абельдік группалар

Жұмыс өтілі: жалпы – 23 жыл, педагогикалық – 22 жыл.

Ғылыми жетістіктері: Соңғы бес жылда келесі жетістіктер: 1 монография – Йонсоновские теории и их классы моделей; 2 оқу құралы, 20-дан астам мақалалар жарияланды. Жұмыстар Малайзия, Чехия, Ресей, Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған. Астана, Алматы және басқа қалаларда өткен халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі конференцияларға қатыстым.

Оқитын курстары: «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика», «Математикалық логика и дискреттік математика», «Дискреттік математика және Ықтималдықтар теориясы», «Сызықтық алгебра», «Алгебра 2», «Модельдер теориясы», «Йонсондық теориялар», «Теория вероятностей м математическая статистика», «Математическая логика и дискретная математика», «Дискретная математика и теория вероятностей», «Линейная алгебра», «Алгебра 2», «Математика 1», «Теория моделей», «Йонсоновские теории»,

Біліктілікті жетілдіру жайындығы мәлімет:

2012, Білім беру жүйесінінің басқарма және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жөніндегі ұлттық институты(Алматы);

2014, Чехия техникалық университетінде стажировка(Прага);

2016, Ұлыбританиялық Ньюкастл университетінде “ Leaning and Teaching in Higher Education” бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру (Ньюкастл);

2015, 2016, 2017, Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дін ағылшын тілі бойынша курстары.

Ғылыми қызығушылығы: Математикалық логика и дискреттік математика», «Модельдер теориясы», «Йонсондық теориялар».

Кутимов Кияс Сабирович

Тегі, аты-жөні: Кутимов Қияс Сабирович

Базалық мамандық: «6М010900-Математика», Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (2014)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогикалық ғылымдарының магистрі

Қызметі: оқытушы

Мамандық шифрі: 6М010900 – Математика

Диссертация тақырыбы: Қатынастарды оқып-үйренудің әдістемелік аспектысы

Жұмыс өтілі: жалпы – 5 жыл, педагогикалық – 5 жыл.

Ғылыми жетістіктері: Соңғы бес жылда келесі жетістіктер: 4 мақалалар жарияланды.

Оқитын курстары: «Сызықтық алгебра», «Линейная алгебра», «Алгебра», «Математика 1», «Аналитикалық геометрия», «Аналитическая геометрия», «Теориялық механика», «Теоретическая механика», «Тұтас орта механикасы», «Механика сплошной среды».

Біліктілікті жетілдіру жайындығы мәлімет:

• 2016, Білім беру жүйесінінің басқарма және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жөніндегі ұлттық институты(Алматы);

• 2015, 2016 Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дін ағылшын тілі бойынша курстары.

Ғылыми қызығушылығы: Механикалық құбылыстар.

Макажанова Тамара Хафизовна

Тегі, аты-жөні: Макажанова Тамара Хафизовна

Базалық мамандық:01.01.01 функциялар теориясы және функционалдық талдау

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: физика-математика ғылымдарының кандидаты

Қызметі: доцент

Мамандық шифрі: 01.01.01-математикалық талдау

Диссертация тақырыбы: кандидаттық: «Суперсызықты нүктелі-жиындық бейнелеулердің кейбір қасиеттері» (2010);

Жұмыс өтілі: жалпы – 45 жыл, педагогикалық – 37 жыл.

Ғылыми жетістіктері: 80 ғылыми жұмыстың, 3 оқу құралының, 2 электрондық оқулықтың авторы. Соңғы 5 жылда 1 оқу құралы, 1 электрондық оқулық, 20 ғылыми және әдістемелік жұмыс шығарған. Қазақстанда және Ресейде өткізілген халықаралық ғылыми конференцияларға қатысқан.

Оқитын курстары: Аналитикалық және дифференциалдық геометрия, геометрияның қазіргі әдістері, топология, топологияның және геометрияның қосымша тараулары, сызықты алгебра және геометрия, алгебраның негізгі сұрақтары, геометрия.

Ғылыми қызығушылығы: Ішкіжиындар кеңістігінің топологиялық қасиеттері, көпмағыналы бейнелеулер, реттік топологиялар, жаңа оқу технологиялары

Медеубаев Нурболат Куттымуратович

Тегі, аты-жөні: Медеубаев Нұрболат Құттымұратұлы

Базалық мамандық:«Математика» Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (1989)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: математика магистрі

Қызметі: аға оқытушы

Мамандық шифрі: 01.01 – математика

Диссертация тақырыбы: магистрлік: «Стабильдік йонсондық теориялар» (2014);

Жұмыс өтілі: жалпы – 28 жыл, педагогикалық – 26 жыл.

Ғылыми жетістіктері: 47 ғылыми еңбектердің авторы, олардың 1-SCOPUS, 3-РИНЦ, 10-ККСОН баспаларында жарық көрген мақалалар. Ресейде, Алматыда, Қызылордада және де басқа аймақтарда өткізілген халықырылық және республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларға белсене қатысқан. 2 оқу құралдың, 5 оқу-әдістемелік нұсқаудың, 1 электронды оқулықтың, 10 мультмедиалық презентациялардың авторы.

Оқитын курстары: Аналитикалық геометрия, алгебра және геометрия, дифференциалдық геометрия және топология, математика-1

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

«Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқыту әдістері» бағдарламасы бойынша біліктілікті жетілдіру,

№088012 (05.04.2012-20.04.2012). «Қолданбалы дидактикалық материалдарды өңдеу және несиелік пен қашықтықтан оқыту технологиялары жағдайында білім беру әдістемелері» атты оқыту семинары,

сертификат № 039013, 19.01.2013; АО НЦПК «Өрлеу»,

№ 0129658, 23.04.2016, Алматы; «Заманауи математиканың іргелі мәселелері», ҚарМУ, Қарағанды, ақпан, 2017.

Ғылыми қызығушылығы: аналитикалық геометрия, проективтік геометрия, алгебра, модельдер теориясы.

Нурланова Баян Мухамбетовна

Тегі, аты-жөні: Нурланова Баян Мухамбетовна

Базалық мамандық:

«Механика. Қолданбалы математика.», Новосибирск мемлекеттік университеті (1987 ж.);

«230100 – Информатика және есептеу техникасы», ЖКББМЕА ЖББМ Қазіргі заманғы гуманитарлық академия, Москва (2015 ж.);

«5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын)», академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2015 ж.)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: техника және технология магистрі.

Қызметі: аға оқытушы

Мамандық шифрі: 230100 – Информатика және есептеу техникасы.

Диссертация тақырыбы: магистрлік: электрондық білім беру ресурстарының сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу.

Жұмыс өтілі: 32 жыл.

Ғылыми жетістіктері:

50-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың авторы, оның ішінде: 20-дан астам ғылыми мақала РИНЦ, ҚР БҒМ БҒСБК, Thomson Reuters, халықаралық журналдарда және халықаралық конференциялар жинақтарында, 4 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, 3 әдістемелік нұсқау, 40-тан астам оқу-әдістемелік кешендер; көптеген электронды дәрістер мен мультимедиялық презентациялардың авторы. Соңғы 5 жылда: 10 – нан астам жарияланымдар, олардың 5-тен астамы РИНЦ-те, Thomson Reuters-2, біреуі Хирша индексімен, 4 электрондық оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік нұсқаулар; 20-дан астам оқу-әдістемелік кешендер; 20-дан астам электрондық дәрістер мен мультимедиялық презентациялар шығарылды.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ОЖСБ бағдарламасына арналған тест тапсырмаларының сараптау комиссиясының мүшесі (2014-2016жж.)

ҚР БҒМ өкілі (2019ж.)

ҰБТӨП апелляциялық комиссиясының мүшесі (2017ж., 2019ж.)

Оқитын курстары: мемлекеттік және орыс тілдерінде Программалау, Механика есептерін программалау, Теориялық механика, Қолданбалы механика, Тұтас орта механикасына кіріспе, Аналитикалық механика және қатты дене динамикасы, Сұйықтар механикасы, Қазіргі заманғы жаратылыстану есептерін модельдеу, Машиналар мен роботтар механикасы, Робототехника негіздері, Конструкция есебін автоматтандыру, Механиканың вариациялық әдістері, Кәсіби-бағытталған шетел тілі (ағылшын).

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

Механика мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік №50 (04.01.02ж.-28.02.02ж.) (ҚарМУ, Қарағанды);

Оқу процесіндегі инновациялық технологиялар бойынша біліктілікті жоғарылату туралы сертификат №679 (08.10.05ж.-15.10.05ж.) (ҚарМУ, Қарағанды);

«Экономикада математикалық әдістерді қолдану» курсы бойынша біліктілікті жоғарылату туралы сертификат №221007 (11.06.07г.-23.06.07г.) (ҚарМУ, Қарағанды);

«Кәсіби-бағытталған ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша біліктілікті жоғарылату туралы сертификат №178010 (26.04.10ж.-17.05.10ж.) (ҚарМУ, Қарағанды);

Білім беру жүйесіндегі мемлекет аралық ынтымақтастық аясында өткізілген «Ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы және ролі, қазіргі заманғы жағдайы» атты ІТ технологиясы бойынша жазғы мектеп – 2011 жұмысында ғылымның өзекті мәселелері бойынша шетел ғалымдарының дәрістер курсын тыңдағаны жөнінде сертификат (01.08.11ж.-07.08.11ж.) (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана);

«Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру әдістемесі» бағдарламасы бойынша біліктілікті жоғарылату туралы сертификат №357012 (03.04.12ж.-16.04.12ж.) (ҚарМУ, Қарағанды);

Diploma (07.11.12-08.11.12) for Participation in the International Seminar and Workshop on Technology Commercialization (Karaganda – Kazakhstan);

ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсын бітіргені жөнінде сертификат №0126121 (09.11.13ж.) (««Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ, Алматы);

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық Одақ және Еуропа Кеңесінің «Қазақстанда демократиялық азаматтық тәрбие және білім беру саласындағы адам құқығы саласында білім беру саясатын қолдау» бірлескен бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Білім беру ұйымдарын демократиялық басқаруға жәрдемдесу» атты халықаралық конференция жұмысына қатысқаны үшін сертификат (25.06.14ж.-26.06.14ж.) (Қарағанды);

British Council conference (02.03.16г.) «Approaches to Teaching Content through English: Content and Language Integrated Learning (CLIL)» (Karaganda);

Іздеудің кеңейтілген мүмкіндіктері бойынша ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters русурстары бойынша онлайн семинарға қатысқаны жөнінде сертификат (14.03.16ж.-24.03.16ж.);

Іздеудің базалық мүмкіндіктері бойынша ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters русурстары бойынша онлайн семинарға қатысқаны жөнінде сертификат (18.04.16ж.-22.04.16ж.).

«Ана тілден басқа тілде оқытуда белсенді стратегияларды қолдану» мастер-класына қатысқаны туралы сертификат (2017ж.) (ҚР БҒМ, «»ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы», ЕҚЫҰ, Қарағанды);

Certificate (21.05.17-17.06.17) of completion an English language course in language school «Jipka» (Prague – Czech Republic);

Certificate (28.05.17-10.06.17) of completion the research and educational traineeship at the Faculty of Information Technology of the Czech Technical University in Prague;

Авторлық құқық объектісіне («Введение в механику сплошной среды» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама-электрондық оқу құралы) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №1899 (01.08.17ж.);

Авторлық құқық объектісіне («Тұтас орта механикасына кіріспе» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама-электрондық оқу құралы) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №1900 (01.08.17ж.);

Certificate (27.10.17) of completion the official Springer Nature training (Karaganda);

Авторлық құқықпен қорғалатын объектіге («Механика есептері үшін AutoCAD» электрондық оқу құралы) құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №4467 (09.07.19ж.);

Авторлық құқықпен қорғалатын объектіге («AutoCAD для задач механики» электрондық оқу құралы) құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №4468 (09.07.19г.);

Certificate (01.07.19) of course completion of General English (DNK studio, Karaganda);

«Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жоо оқытушысын оқытуға дайындау» тақырыбы бойынша курс өткені туралы сертификат №406019 (09.09.19-14.09.19) (ҚарМУ ҚББФ, Қарағанды).

Ғылыми қызығушылығы: оқу үрдісіндегі инновациялық білім беру технологиялары, электрондық білім беру ресурстары, құрылыс механикасы, кәсіби қызмет саласындағы ағылшын тілі.

Марапаттаулар мен атақтары:

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 40 жылдық мерейтойына байланысты университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін «ҚарМУ-ға 40 жыл» мерейтой медалі (2012ж.);

«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы (2018 ж.);

грамоталар;

дипломдар.

Асетова Лаура Серікқызы

Тегі, аты-жөні: Асетова Лаура Серікқызы

Базалық мамандық: «Механика», академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (бакалавриат – 2011 ж., магистратура – 2013 ж.).

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Қызметі: оқытушы

Мамандық шифрі: 5B060300 – Механика, 6М060300 – Механика.

Диссертация тақырыбы:

Жұмыс өтілі: педагогикалық – 3 жыл.

Ғылыми жетістіктері: 8 мақаланың авторы

1. Серпімді-илемділік кезеңіндегі арқалықты есептеу. Вестник Карагандинского университета. – Серия «Математика». – 2012. – №3 (67). – С.107-112.

2. Топса арқылы бекітілген серпімді-илемділі пластинаны иілуге есептеу. Математика, механика және информатиканың теориялық және қолданбалы мәселелері: Халықаралық ғылыми конференциясы (12-13 маусым 2019 ж.)

3. Bending of the rigidly fixed elastic-plastic plate. Вестник Карагандинского университета. – Серия «Математика». – 2019. – №3 (87). – С.109-116.

ClarivateAnalytics (ThR) және Scopus мәліметтер базасына енетін ғылыми еңбектері (соңғы 5 жылда) Thomson Reuters мәліметтер базасына енетін 1 басылым

Оқитын курстары: мемлекеттік және орыс тілінде: Теориялық механика, Материалдар кедергісі, Механика есептерін программалау, Конструкция есебін автоматтандыру, Құрылыс механикасы, Механика есептері үшін AutoCad, Механика есептері үшін MathCad, Робототехника негіздері, Робототехникадағы механиканың сұрақтары, Пластиналар теориясы.

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

Ғылыми қызығушылығы: Пластиналар теориясы.

Марапаттаулар мен атақтары: Алғыс хаттар, дипломдар.

Ахажанов Сунгат Еркинович

Тегі, аты-жөні: Ахажанов Сунгат Еркинович

Базалық мамандық: «Механика», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (бакалавриат – 2004 ж., магистратура – 2006 ж.), «Құрылыс» Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (докторантура – 2019 ж.).

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: PhD доктор.

Қызметі: аға оқытушы

Мамандық шифрі: 6D072900 – «Құрылыс»

Диссертация тақырыбы: докторлық: Нұр-Сұлтан қаласында бұрғыланып толтырылған қадаларды орналастыру үшін геоақпараттық мәліметтер жиынтығын құру.

Жұмыс өтілі: 13 жыл.

Ғылыми жетістіктері:

40-ден астам ғылыми мақалалар авторы, оның ішінде: 15-дан астам ғылыми мақала РИНЦ, ҚР БҒМ БҒСБК, Thomson Reuters, Scopus халықаралық журналдарда және халықаралық конференциялар жинақтарында, 15-тан астам оқу-әдістемелік кешендер; көптеген электронды дәрістер мен мультимедиялық презентациялардың авторы. Соңғы 5 жылда: 20 – нан астам жарияланымдар, олардың 8-тен астамы РИНЦ-те және ҚР БҒМ БҒСБК, Thomson Reuters-1, Scopus-2, 10-дан астам оқу-әдістемелік кешендер шығарылды.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ОЖСБ бағдарламасына арналған тест тапсырмаларының сараптау комиссиясының мүшесі (2014-2016жж.)

Оқитын курстары: мемлекеттік және орыс тілдерінде Механика есептерін программалау, Теориялық механика, Қолданбалы механика, Тұтас орта механикасына кіріспе, Аналитикалық механика және қатты дене динамикасы, Құрылыс механикасы, Материалдар кедергісі, Қазіргі заманғы жаратылыстану есептерін модельдеу, Машиналар мен роботтар механикасы, Робототехника негіздері, Конструкция есебін автоматтандыру, Механиканың вариациялық әдістері.

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап 20 наурыз дейін аралығында Киото университетінде (Жапония) ғылыми тағылымдама;

2018 жылдың 23 сәуірінен бастап 28 мамырына дейін Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде (Ресей) ғылыми тағылымдама;

Ғылыми қызығушылығы: топырақтар механикасы, құрылыс механикасы, серпімділік және иілімділік теориясы.

Марапаттаулар мен атақтары:

Қазақстан Республикасының геотехникалық қауымдастығының мүшесі;

грамоталар;

дипломдар.

Токмагамбетов Нариман Сарсенович

Тегі, аты-жөні: Токмагамбетов Нариман Сарсенович

Базалық мамандық:«Математика», Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ (2011 ж.).

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: техника және технология магистрі.

Қызметі: оқытушы

Мамандық шифрі: 050109-Математика (2011ж.) 6M060100 – Математика (Магистратура, 2013 ж.)

Диссертация тақырыбы: Магистерлік: Қос бөліктік бағдарланған графтағы бөліктік реттің анықталғандығы.

Жұмыс өтілі: жалпы –6 жыл, педагогикалық – 6 жыл.

Оқитын курстары: «Математиалық логика және дискреттік математика», «Ықтималдықтар теориясы»

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

Сертификат № 434017, Қосымша білім беру факультеті, «Заманауи математиканың іргелі мәселелері», 20 ақпан 2017ж.

Ғылыми қызығушылығы: Математикалық логика, дискреттік математика, ықтималдықтар теориясы

Ульбрихт Ольга Ивановна

Тегі, аты-жөні: Ульбрихт Ольга Ивановна

Базалық мамандық: «Математика», Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (бакалавриат – 2001 ж., магистратура – 2003 ж.)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: математика магистрі

Қызметі: аға оқытушы

Мамандық шифрі: 01.01.00 Математика.

Диссертация тақырыбы: Магистерлік: «Йонсондық теориялардың толықтық қасиеттері» (2003);

Жұмыс өтілі: 15 жыл.

Ғылыми жетістіктері: 2003 жылдан бастап 2019 жылға дейін 34 ғылыми жұмыс жарияланды, оның ішінде: 10 мақала БҒСБК-ға кіретін журналдарда жарияланды; 4 мақала Thomson Reuters деректер базасына кіретін журналдарда; Scopus базасы бойынша дәйеккөз индексі бар 2 мақала; 2 мақала РИНЦ базасына кіреді; 22 ғылыми жұмыстар Халықаралық ғылыми конференциялардың жинақтарында жарияланды. Сонымен қатар, 3 әдістемелік нұсқау шығарылды, 2 электрондық оқулық әзірленді.

Оқитын курстары: Сызықтық алгебра, Математикалық логика және дискретті математика, Математика-1, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, Дискретті математика және ықтималдықтар теориясы, Модельдер теориясы, Алгебра және геометрия, Алгебра-2, Алгебра және сандар теориясы, Latex-те программалау, Математиканың бастапқы курсының негіздері.

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

ҚарМУ ФПК курсы. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ “Оқу үрдісінде инновациялық технологиялар” тақырыбы бойынша (Сертификат №675 15.10.2005 ж.);

ҚарМУ ФПК курсы. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ “Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында оқу үрдісінде мультимедиялық және интерактивті қўралдарды әзірлеу және пайдалану” тақырыбы бойынша (Сертификат №317011 18.06.2011 ж.);

Elsevier Author Seminar “How to Get Published in Scientific Journals” (19.11.2013 ж. Certificate, Elsevier BV);

SpringerLink User Training “Springer Халықаралық компаниясының ақпараттық ресурстарын пайдалану бойынша Семинар (24.04.2015 ж. Certificate, Springer Verlag);

“Білім саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар. Электрондық басылымдарды оқу үрдісінде пайдалану ” (Сертификат 27.01.2016 ж., Ай Пи Эр Медиа);

Thomson Reuters ресурстары бойынша онлайн-семинарлар “Платформа Web of science – базалық мүмкіндіктер” (Сертификат, Наурыз 2016 ж.).

Thomson Reuters ресурстары бойынша Онлайн-семинарлар “Платформа Web of science – кеңейтілген мүмкіндіктер.”(Сертификат, Наурыз 2016 ж.).

«Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы, ҚР БҒМ “Өрлеу” БАЎО “АҚ, Алматы қ. (Сертификат № 0130195 18.06.2016 ж.);

ҚарМУ ҚБФ курсы. Е. А. Бөкетов “Қазіргі математиканың іргелі мәселелері” тақырыбы бойынша (Сертификат № 437017 25.02.2017 ж.).

2017 жылдан бастап Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да 6D060100 – «Математика» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқу.

27.05.2018 ж. – 27.06.2018 ж. Прага қаласының (Чехия Республикасында) Чех техникалық университетінде ақпараттық технологиялар факультетінде шетелдік ғылыми іс-тәжірибе (Certificate of completion).

ҚарМУ ҚБФ курсы. Е. А. Бөкетов “Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы ЖОО оқытушысын оқытуға дайындау” тақырыбы бойынша (Сертификат № 409019 14.09.2019 ж.)

Ғылыми қызығушылығы: алгебра, математикалық логика және модельдер теориясы.

Оразбекова Рауана Толеукутовна

Тегі, аты-жөні: Оразбекова Рауана Толеукутовна

Базалық мамандық: «Математика», Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (бакалавриат – 2006ж., магистратура – 2008ж.)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Қызметі: оқытушы

Мамандық шифрі: 6N0601 – математика

Диссертация тақырыбы: магистрлік: Үзіліссіз функциялардың туындысының бар болу шарты.

Жұмыс өтілі: жалпы педагогикалық – 12,5 жыл, ҚарМУ-гі еңбек өтілі– 1,5 жыл.

Ғылыми жетістіктері:

Оразбекова Р.Т., Условия существования производной непрерывных функций, Материалы ХХХ юбилейной региональной научно-практической конференции аспирантов, магистрантов и студентов КарГУ имени Е.А.Букетова. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2007. – 210с.

Акишев Г.А., Оразбекова Р.Т., Наилучшее дробное приближение функции, Международная научно – практическая конференция молодых ученых «Наука и образование – 2008» – Астана:2008.-200с

Оқитын курстары: математика 1, математика, алгебра және геометрия, сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, дискреттік математика және математикалық логика, дискреттік математика және ықтималдық теориясы.

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

«Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жоо оқытушысын оқытуға дайындау» тақырыбы бойынша курс өткені туралы сертификат №406019 (09.09.19-14.09.19) (ҚарМУ ҚББФ, Қарағанды).

Ғылыми қызығушылығы: модельдер теориясы.

Хабидолда Омирхан

Тегі, аты-жөні: Хабидолда Омирхан

Базалық мамандық:

«510330-Механика», Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2005 ж.);

«Құрылыс», Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (2016 ж.);

«6D060300 Механика» PhD докторантура, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (2016-2019 жж).

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: механика магистрі

Қызметі: аға оқытушы

Мамандық шифрі: 6D060300 – Механика

Диссертация тақырыбы: магистрлік: «Тікбұрышты изотроптық пластинаның орнықтылығы».

Жұмыс өтілі: жалпы – 12 жыл, педагогикалық – 1 жыл.

Ғылыми жетістіктері: РИНЦ, ҚР БҒМ БҒСБК журналдарында, халықаралық журналдарда (1 мақала Web of Science, 1 мақала Scopus) және халықаралық конференциялар жинақтарында жарияланған 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

Оқитын курстары: Механика есептерін программалау, Теориялық механика, Қолданбалы механика, Тұтас орта механикасына кіріспе, Аналитикалық механика және қатты дене динамикасы, Сұйықтар механикасы, Конструкция есебін автоматтандыру.

Біліктілікті жетілдіру жайындағы мәлімет:

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасың ұйғарымымен «Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық зерттеу» саласында сарапшы аттестаты берілді (2016ж.).

Сертификат берілді (10.10.2018 ж. – 12.01.2019 ж.) шетелдік тағылымдама бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру туралы Санкт-Петербург политехникалық университетінде, Ресей.

Сертификат – (29-30 сәуір 2016ж.) «Құрылыстағы ғылым, техникалық реттеу және инжиниринг: жағдайы, келешегі» халықаралық конференциясына қатысқаны үшін (Қарағанды);

Сертификат – (1-8 шілде 2018ж.) VII Халықаралық симпозиумға қатысқаны үшін (Apcsce 2018), (Новосібір);

Сертификат – (11-12 қазан 2018 ж.) «Ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу: проблемалар және оларды шешу жолдары» атты халықаралық конференциясына қатысқаны үшін (Санкт-Петербург)

Ғылыми қызығушылығы: ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында технологияларды әзірлеу. оқу үрдісіндегі иинновациялық білім беру технологиялары, құрылыс механикасы.

Марапаттаулар мен атақтары: 2016 жылы «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» комитетінің алғыс хатымен марапатталған.