КАФЕДРАДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қолданбалы математика және информатика кафедрасы жыл сайын «АКТ қолдану бойынша студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарының және шығармашылық жобаларының халықаралық байқауын» өткізеді.

2017-2018 оқу жылы бойынша байқау жүлдегерлері:

Өмен Мағжан Айдосұлы (ИС-211 тобы)

Сембаев Сайран Алматұлы (уИС-211 тобы)

Курманов Султан Русланович (ИС-211 тобы)

Қазығұлов Бердібек Нұрханұлы (ИС-211 тобы)

2018-2019 оқу жылы бойынша байқау жүлдегерлері:

Бейсенова Куралай (ИС-411 тобы)

Кайрат Жолтай (МКМ-313 тобы)

Еркин Куанышбай (ИНф-205 тобы)

Семикина Ксения (зуИС-312 тобы)

Курманов Султан Русланович (ИС-311 тобы)

Қазығұлов Бердібек Нұрханұлы (ИС-311 тобы)

Кафедраның ПОҚ оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету үшін үнемі оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындайды.

2018-2019 оқу жылында ҚМжИ кафедрасының оқытушылары 3 оқу-әдістемелік құрал, 9 электрондық оқулық шығарды.

Оқу-әдістемелік құралдар:

1. Жетимекова Г.Ж., Омаров А.М. Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу технологиялары (Дәрістер курсы) // Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2019. – 91 Б. (5,5 б.б.)

2. Казимова Д.А., Спирина Е.А., Допира Р.И., Попова Н.В., Кельдибекова А.Б., Сыздыкова Н.К., Турдыбекова К.М., Толеуханова Р.Ж., Шульгина – Таращук А.С., Ардашева М.В.Information communication technologies. // Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2018. – 398 Б. (24,87 б.б.)

3. Жумагулова С.К. Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасы. // Оқу құралы. – ТехноЭрудит, 2018. – 100б.

2018-2019 оқу жылы ішінде көптілді білім беруді қамтамасыз ету үшін кафедраның ПОҚ ағылшын тілінде 1 оқу-әдістемелік құрал шығарды: Допира Р. И., Попова Н. В. “Computer networks”, ҚМжИ және МжИОӘ кафедралары оқытушыларының ұжымымен ағылшын тілінде “Information communication technologies” 1 оқу құралы; “The theory of databases”, “Network technologies in educational institutions”, “Algorithms and and data structures” , “Network technologies in educational institutions”, “Computer Graphics” пәндері бойынша ағылшын тілінде 4 электрондық дәріс және 4 мультимедиалық презентациялар жасалды.

ҚМжИ кафедрасының ПОҚ үнемі өз біліктілігін арттырады. 2018-2019 оқу жылында кафедра оқытушыларының 100% әр түрлі on-line курстарында, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қосымша білім беру факультетінде, республикалық, жақын және алыс шетел деңгейдегі курстарда біліктілік арттыру курстарынан өтіп, сертификаттар алды.

– АҚ “Өрлеу” (Қарағанды қ.)

– Педагогикалық шеберлік орталығы “Назарбаев Зияткерлік мектебі” АҚ (Астана қ.)

– Ұлттық ашық университет «ИНТУИТ»

– Халықаралық Қаржылық мониторинг оқу-әдістемелік орталығы (РФ Мәскеу қ.)

– SOLOLEARN (РФ Мәскеу қ.)

– Czech Republic, Jipka (Прага қ.)

ҚМжИ кафедрасының базасында бірқатар оқу зертханалары бар.

1. “Жергілікті және компьютерлік желілер” зертханасы

2009 жылдың ақпан айында Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында Cisco аймақтық халықаралық желілік академиясы ашылды.

Cisco-негізінен ірі ұйымдар мен телекоммуникациялық кәсіпорындарға арналған желілік жабдықты әзірлейтін және сататын американдық трансұлттық компания. Жоғары технологиялар саласында маманданған әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Cisco Желілік Академиясының бағдарламасы – бұл студенттерге ғаламдық экономика жағдайында қажетті Интернет технологиясы саласында білім беретін электрондық оқытудың кешенді бағдарламасы.

“Қолданбалы математика және информатика” кафедрасының оқытушылары Cisco желілік академиясында оқыды. Оқытушыларды оқыту кезінде жабдықты NetAcad академиясы ұсынды.

Cisco Networking Academy” (Циско желілік академиясы) халықаралық академиясының “CCNA Discovery: Networking for Home and Small Businesses”, “CCNA Discovery: Working at a Small-to-Medium Businesses or ISP”, “CCNA Discovery: Introducing Routing and Switching in the Enterprise”, “CCNA Discovery: Designing and Supporting Computer Networks” сертификаттары кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына мәліметтер жіберу желілерін жобалау, құру және қызмет көрсету саласында сабақтар өткізуге және студенттерді сертификаттауға мүмкіндік береді.

Дәріс және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу үшін 2017 жылдың сәуір айында “Жергілікті және компьютерлік желілер” оқу зертханасы ашылды, зертханаға Cisco компаниясынан 9 млн.теңгеге жабдықтар алынды.

Зертханада 5В011100, 5В060200, 6М060200 – Информатика; 5В070300 – Ақпараттық жүйелер; 5В070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу; 5В012800-Физика және информатика мамандықтарының студенттері келесі пәндерді оқиды: “Компьютерлік желілер”, “Үй қолданушылары мен шағын кәсіпорындарға арналған желілер”, “Компьютерлік желілерді әзірлеу және қолдау”, “Телекоммуникациялық жүйелер мен желілер”, “Компьютерлік жүйелер архитектурасы”, “Операциялық жүйелер”, “Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар”.

2. «Компьютер архитектурасы» оқу зертханасы

Осы зертханада 5В011100, 5В060200, 6М060200 – Информатика; 5В070300 – Ақпараттық жүйелер; 5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу; 5В012800-Физика және информатика мамандықтарының студенттері келесі пәндерді оқиды: “Компьютер архитектурасы”, “Желілік операциялық жүйелер”, “Компьютерлік жүйелер архитектурасы”, “Операциялық жүйелер”.

3. Робототехника оқу зертханасы (27.10.2017ж) робот жасау бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу үшін құрылды.

Зертханада “Python бағдарламалау”, “С++ бағдарламалау”, “Перспективті технологиялар және қосымшаларды әзірлеу тілдері” пәндері бойынша сабақтар, робототехника бойынша негізгі пәндер: “Білім беру робот техникасы”, “Мехатроника және робототехника”, “Робототехникалық кешендерді бағдарламалау”.

Зертхана 7 негізгі және 2 қосымша LEGO Mindstorms EV3 жиынтығымен, лабиринт, футбол үстелі, түрлі полигондармен жабдықталған.

Осы жинақтарды пайдалана отырып, студенттер жиынтыққа кіретін бағдарламалық жасақтаманың (Гиробой, Түс сұрыптаушы, Robot Educator, Піл және т.б.) модельдерін, сондай-ақ өзіндік модельдерді құрастырады. “Ақпараттық жүйелер” және “Математикалық және компьютерлік моделдеу ” техникалық мамандықтарының студенттерінде робототехника және мехатроника саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру үшін Arduino және Raspberry Pi эксперименттеріне арналған үлкен датчиктер жиынтығы, HOVIS LITE гуманоидтар жиынтығы және бір InterPrint 3D принтері бар.

Робототехника бойынша алгоритмдерді жобалау және ретке келтіру үшін “Робототехника бойынша оқу-зерттеу платформасы” робототехника бойынша зертханалық стендтер, “мехатроника бойынша оқу кешені (автоматтандырылған өндірістік желі)”сатып алынды.

Робототехника стендінің көмегімен студенттер робототехникада қолданылатын белгілі датчиктермен танысуға, төрт еркіндік дәрежесі бар манипуляторды басқаруға, сондай-ақ ұялы роботты басқаруға мүмкіндігі бар. Бұл стенд NI sbRIO платформасы негізінде жасалған. Бағдарламалық қамтамасыз ету NI LabVIEW программалаудың графикалық ортасында жасалған.

Мехатроника бойынша оқу кешені автоматтандырылған желінің жұмыс макетінде зертханалық немесе практикалық сабақтар өткізу үшін қолданылады. Сабақ кезінде оқушылар электр сұлбаларын оқып, өндірісте инженер ретінде қосылыстарды өз бетінше жүзеге асыра алады.

Зертханада робототехника үйірмесі жұмыс істейді. Бұл үйірмеге 5В011100, 5В060200 – Информатика; 5В070300 – Ақпараттық жүйелер; 5В070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысады.

Зертхана базасында 30.11.18 ж. білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары арасында және 29.11.18 ж. 1-2 курс студенттері арасында робототехника бойынша жарыстар өткізілді, мектептен 25 оқушыдан тұратын 5 команда және 20 студенттен тұратын 4 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты оқушылар мен студенттердің танымдық, зияткерлік және шығармашылық бастамаларын жандандыру және дамыту, робототехника саласындағы идеяларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

4. «Компьютерлік графика және модельдеу» оқу зертханасы

Компьютерлік графиканы өңдеу және моделдеу, мобильді қосымшаларды құру бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу үшін “Компьютерлік графика және моделдеу” оқу зертханасы құрылды (26.02.2019 №264 бұйрық). Зертханаға ноутбук, виртуалды көзілдірік, веб-камера сатып алынды.

Кафедрада 4 филиал жұмыс істейді:

– ЖШС «EPAM Kazakhstan»,

– №66 МЛ КММ

– №16 ЖББОМ КММ

– “Ақпараттық технологиялар” мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ.

Кафедра филиалдарымен өзара әрекеттесу формалары:

1) тренингтер мен семинарлар шеңберінде ПОҚ мен студенттерді оқыту;

2) бакалавриат және магистратураның жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуге жәрдемдесу және келісу;

3) АТ-мамандығының түлектері үшін мансап күніне филиал өкілдерінің қатысуы;

4) кафедра филиалдарының өкілдері студенттер арасында бағдарламалау бойынша олимпиадалар, мастер-кластар, профильді пәндер бойынша дәрістер мен семинарлар өткізу үшін практик-мамандар ретінде; дипломдық және магистрлік диссертациялардың рецензенттері ретінде тартылады;

5) ҚМжИ кафедрасының филиалдары кәсіптік практикадан өту үшін базаларды ұсынады;

6) филиал кәсіпорындарына студенттер үшін экскурсия жүргізу.

2018-2019 оқу жылында қолданбалы математика және информатика кафедрасы филиалының жұмыс жоспары бойынша “EPAM Kazakhstan” ЖШС зертханасына экскурсия жүргізілді. 2018 жылдың 13 желтоқсанында 5В070300 – “Ақпараттық жүйелер” мамандығының 1-2 курс студенттеріне арналған оқу зертханасының жетекшісі Жапарова Айнұр экскурсия жүргізді.

Студенттер жұмыс істейтін бағдарламашылардың жұмыс орындарын және бағдарламалық жасақтамаларды көрді. Экскурсияға 5В070300-“Ақпараттық жүйелер” мамандығының күндізгі және күндізгі-қысқартылған бөлімдерінің 24 студенті және “Қолданбалы математика және информатика” кафедрасының аға оқытушысы Допира Р.И. қатысты.

Java жетекші әзірлеушісі Анастасов Олег студенттерді “Java-да web-қосымшаларды әзірлеу бойынша практикалық курс” бағытымен таныстырды.

Дәріс барысында “EPAM Kazakhstan” ЖШС-нің оқыту тренингтерінен кейін студенттер алатын Java-да жобаларды жүзеге асыру, осы бағыт бойынша мамандар даярлау мәселелері қозғалды.

Сапа жөніндегі жетекші маман Анар Аңсарова автоматтандырылған тестілеудің қалай өтетінін, тестілеудің даму тарихы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу барысындағы тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді.

2019 жылы 11 сәуірде Қарағанды қаласының IT-мамандықтарының студенттеріне “IT мамандықтар картасы, кіру нүктелері, оқушылар мен студенттерге арналған алғашқы қадамдар” тақырыбында дәріс өткізілді. Шақырылған лектор Антон Семенченко (Epam Kazakhstan, Белоруссия, Минск) әлемдегі АТ перспективалары, АТ-саласындағы сұранысқа ие бағыттар туралы әңгімеледі. IT маманды дайындау үшін қажетті құзыреттерге ерекше назар аударылды.

“EPAM Kazakhstan” ЖШС лекциясына академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 5В060200-“Информатика”, 5В070300-“Ақпараттық жүйелер”, 5В070500-“Математикалық және компьютерлік моделдеу” мамандықтарының студенттері және “Қолданбалы математика және информатика” кафедрасының оқытушылары Допира Р.И., Сегізбаева М.С қатысты.

Белсенді студенттерге сыйлықтар берілді.