Кафедра келесі мамандықтарды дайындайды: бакалавриат 5B060300-Механика / 6В05402 – Механика, магистратура 6М060300-Механика / 7М05409301 – Механика

5B060300 «Механика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары бакалавры академиялық дәрежесі: бакалавр түлектері экономиканың әр түрлі салаларындағы механика, математика, программалауға қатысты бағыттарда жұмыс жасай алады, олар математик, инженер-программист т.с.с. қызметтерді атқара алады. Осы мамандық бойынша дайындалатын түлектердің кәсіби оқытылатын пәндері әртүрлі денелердің қозғалуын математикалық және сандық моделдеу (газ, сұйық және қатты дене), механикалық құрылғыларды, машиналарды және механизмдерді есептеу және проекциялау болып табылады.

6М060300 «Механика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары магистрі академиялық дәрежесі: Түлектердің кәсіби қызмет саласы білім беру мекемелерінде, яғни жоғарғы мектептерде механикалық және математикалық пәндер циклдарынан және информатикадан дәріс беру және орта мектептерде физика, математика, информатика пәндерінен дәріс беру; ғылыми зерттеу мекемелерінде механика және техникалық ғылым салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару; ғылыми-өндірістік және өндірістік мекемелерде инженерлік жұмыстарды атқару болып табылады.

6М060100 «Математика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары бакалавры академиялық дәрежесі: түлектер

Кафедра оқу жоспарындағы негізгі пәндер:

  1. маман, жетекші маман;
  2. инженер;
  3. математика-программист, математика-экономист, ұйымдық және басқару құрылымдарда математика-актуарий;
  4. ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының кіші ғылыми қызметкері;
  5. Дифференциалдық геометрия және топология
  6. жаратылыстану ғылымдарында, техникада, экономикада процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін құру маманы.