5В010900–Математика мамандығы
Академиялық дәреже және квалификация: математика бакалавры
Оқу мерзімі: 4 жыл
Оқу түрі: күндізгі, күндізгі қысқартылған, сырттай және сырттай қысқартылған.
Педагогика бағытындағы мамандық түлектері атқара алатын жұмыстар:
- орта мектептерде және арнайы орта оқу орындарында, лицейлерде, гимназияларда, кәсіби-техникалық училищелерде математика мұғалімі;
- математика, информатика, педагогика, психология және математиканы оқыту әдістемесі аясында ғылыми-зерттеу институттарында, орталықтарында;
- математикалық әдістер мен компьютерлерді қолданылатын мемлекеттік басқару органдарында, білім депортаменттерінде, әр түрлі жеке меншік ұйымдарында.
Мамандық 6N010900– Математика (математика магистрі)
Академиялық дәреже және квалификация: математика магистрі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу түрі: күндізгі.
6N010900 – Математика шифрі бойынша магистратура мамандығы 2008 жылы математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасында ашылды.
МжИОӘ кафедрасы «5В060100-Математика» мамандығына математиканы оқыту әдістемесі пәнінен сабақ беріп, педагогикалық практиға апарады. Кафедра бойынша оқытылатын пәндер мен арнайы курстар.
- Элементарлық математика.
- Математикалық есептерді шешу практикумы.
- Стандартты емес есептерді шешу практикумы.
- Математиканы оқыту әдістемесінің қосымша тараулары.
- Мектептің математика курсын тереңдетіп оқыту сұрақтары.
- Математикадан сыныптан тыс жұмыс.
- Математика тарихы мен методологиясы.
- Информатика.
- Информатиканы оқытуәдістемесі.
- Экономикадағы математика.
- Математика.
- Жоғары математика.
2014 -2015 оқу жылынан бастап 5B010900 – Математика мамандығының студенттері көптілді топтарда оқиды.
2014 ж. 5В010900-Математика және 6М010900-Математика мамандықтары арнайы мамандандырылған аккредитациядан өтті
5В010900-Математика мамандығына арнайы мамандандырылған аккредитация Сертификаты
6М010900-Математика мамандығына арнайы мамандандырылған аккредитация Сертификаты