Факультет оқиғалары

Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ұжымы “Халықаралық қоғамдастықтағы университеттің ғылыми беделін нығайтқаны үшін” дипломмен марапатталды.

Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының доценті Жанбусинова Б.Х. Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылы математика және ақпараттық технологиялар факультетінде латын графикасының негізінде оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге арналған 3 эксперименталды оқу құралы әзірленіп шығарылды.


2017 жылдың 22 сәуірінде Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің Т.Ғ. Мустафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасы орта білім беретін оқу орындарының оқушыларының «ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ МЕКТЕП» XXIII аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференция аясында 17 секция жұмыс істеді, оның әрқайсысы математиканың бір саласына арналған. Барлығы 195 баяндама жасалды.

 

 

20.02.17-21.02.17 аралығында Жыл сайын өткізілетін информатика және бағдарламалау бойынша Қарағанды қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ашық олимпиада өткізілді.

Олимпиада облыстың жалпы білім беретін мекемелер оқушыларының арасынан ең таланттыларын анқытауға, олардың шығармашылық қабілеттерін және информатика пәніне қызығушылығын дамытуға бағытталған. Биыл олимпиадаға Қарағанды қаласының 28 мектебінен 110 оқушы қатысты. Олимпиада 2 турда өткізілді.

Бірінші тур – іріктеу және компьютерлік тестілеу түрінде өткізілді. Екінші тур – бағдарламалау бойынша олимпиадалық есептерді шешу.

Бірінші турда қатысушыларға информатика бойынша 20 тесттік тапсырма және бағдарламалау бойынша 20 тесттік тапсырма ұсынылды. Екінші турға қатысуға тек өту баллын жинағандар ғана рұқсат алды.

Екінші турда оқушыларға бағдарламалау бойынша 3 есеп шешу ұсынылды. Екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар жүлде және мадақтау қағаздарын алды.

1 тур. Тестілеу

Белсенді қатысқаны үшін мадақтау қағаздарының берілуі

Жеңімпаздар 1,2,3 орын (8,9-сынып) Жеңімпаздар 1,2,3 орын (10-сынып) Жеңімпаздар 1,2,3 орын (11-сынып)

2016 жылдың желтоқсан айының 8-10 аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Математика, механика және информатиканың заманауи мәселелері» атты ғылыми конференция өткізілді.

Конференция мақсаты математика, механика және информатика облысындағы өзекті мәселелерді шығару және жүйелеу болып табылды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінің ғалымдары қатысты. Конференцияға дейін баяндама тезистерінің жинағы басылып шығарылды және конференция қорытындысы бойынша таңдалған хабарламалар ҚР БҒМ БҒСБК ұсынатын баспалар құрамына кіретін “ҚарМУ жаршысы. Математика сериясы” журналында басылып шығарылды.

2016 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Йонсондық теорияларға арналған орыс және қазақ тілдеріндегі екі монография жарық көрді.