Факультеттің ғылыми бағыттары

ф.-м.ғ.д., профессор Рамазанов М.И. – «Спектральды-жүктелу операторы үшін және әртүрлі шекті математикалық физика есептері үшін шекті есептеу» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыс орындайды. Жетекші: Дженалиев М.Т. – ҚР Білім және ғылым министрлігінің математика институтының лабораториясы, Алматы қаласы. Аталған зерттеу бойынша 5 мақала (1 – жоғары рейтингті Scopus журнал қорында, 4 – ККСОН), 4 конференцияларда қатысумен (алыс және жақын шетелдерде) жарық көрді.

Ф.-м.ғ.д., профессор Акишев Г.А. «Функционалды кеңістікте және қосымшаларда операторларды қалпына келтіру мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыс орындайды. Жетекші: ф.-м.ғ.к. Базарханов Д.Б., Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Математика институты, Алматы қаласы. Аталған зерттеу жұмыс бойынша 3 мақала (1 – жоғары рейтингті Scopus журнал қорында, 2 – ККСОН журналында), 13 (10 – алыс және жақын шетел, 3 – ҚР) конференцияларда қатысумен жарық көрді.

Ф.-м.ғ.д., профессор Акишев Г.А., магистр Гульманов Н.К. «Гармонды талдаудағы әртүрлі ортогональды базис және қосымшалар кеңістігі» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізуде. Жетекші: ф.-м.ғ.д. Смаилов Е.С. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолданбалы математика институты, Қарағанды қаласы.

Т.ғ.к., доцент Кажикенова А.Ш. “Разработка и совершенствование технологических процессов окомкования мелкой шихты путем замены окатывания на брикетирование” тақырыбында зерттеу жүргізеді. Жетешкі т.ғ.д. Малышев В.П.

Ғылыми жетістіктер:

Т.Ғ. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Ешкеев Айбат Рафхатұлы «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан» төс белгісімен марапатталған.

«Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасының Ф.-м.ғ.д.,профессор Г.А.Акишев Т.Г.Мустафин атындағы сыйақыға ие болды;

«Математика және инфоматика оқыту әдістемесі» кафедрасының Т.ғ.к., доценті Кажикенова А. Ш. 2016-2017 жж. Т.Г.Мустафин атындағы сыйақыға ие болды.

«Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы 2013» республикалық конкурсы – ф.-м.ғ.к., доцент, факультет деканы Д.Б.Алибиев

   

«Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы 2015» республикалық конкурсы Т.ғ.к., доцент Кажикенова А.Ш.

“Қолданбалы математика және информатика” кафедрасының ғылыми бағыттары

Ақпараттық профильдегі мамандарды кәсіби оқытуға дайындау

Бағыттың жетекшісі: педогогикалық ғылымдардың кандидаты, доцент, ҚарМУ профессоры, қолданбалы математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Казимова Динара Ашубасаровна.

Ақпараттық мамандықтардың студенттерін дайындаудың сапасы- оқу процессінің болашақ мамандықтарына қаншалықты бағытталуына , әртүрлі тапсырмалардың шешімдерін қайта өңдеуге, ақпараттық ағымдар мен процестердің түрлендіруге,жіберуге байланысты. Берілген тапсырмалардың шешімдерінің негізіне әртүрлі алгоритмді құру,оларды талдау, бағалау және шешудің ең тиімді вариантын тандау,сондықтан әртүрлі ақпараттық процесстерді және жүйелердің бағдарламалық моделдерін дайындау және іске асыру, қазіргі заманғы ақпараттық маманы бейіндегі кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты оның алгоритмдік оқыту мүмкіндік береді.

Профессор Казимова Д.А жетекшілігімен қолданбалы зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі халықаралық жоба болып табылады. Бұл жобаның негізінде Екатеринбург қаласындағы Ресей мемлекеттік кәсіби педагогикалық университетінің білім берудің кәсіптік білім беру ғылыми-зерттеу және білім беру орталығымен ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Осы салада жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттарының және ғалымдармен ұйымдастырылған ынтымақтастықтардың бағыттары:

  1. Ульяновск институтының білім беру қызметкерлерінің даярлау және қайта даярлау. Ғылыми-зерттеу бағыты – оқытушысың білім берудің үзіліссіз технологиясы, үрдістер, жетістіктер, проблемалар.
  2. Ресейлік педогогиканың теориясы және тарихы инистутының білім беру академиясы, дидактика лабораториясы. Зерттеу бағыты – үзілссіз білім берудің Ресейлік жүйесі.
  3. Қарағанды облыстық ИПКиПГСиРО. Зерттеу бағыты – ресурстық орталықтарды құру және тұлғаның дамуындағы шығармашылық және мәдени технологиясын құру.

Берілген зерттеудің нәтижесінде Новосибирск қаласындағы (Россия) Сібірлік Қаржы және банк істері академиясында «Многоуровневая подготовка ИТ-специалистов в системе непрерывного профессионального образования» монография жарияланды «Подготовка специалистов к обеспечению информационной безопасности» (Қазақстан, Қостанай).

Роботохника және білім беру

Роботтар жиынын №66 мектептің білім алушыларына тапсыру.

2016-2017 оқу жылында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті балалар және жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатында Қарағанды қаласындағы №16 және №66 мектептерінің робототехника кабинеттерін жабдықтау үшін берілген 30 комплект сатып алынды. Технология құбылысын түсіну, техника заңдарын білу, мектеп бітірушілеріне және қазіргі таңдағы талаптарға сәйкес келетін заманауи өмірде орнын табуға көмектеседі. Қазіргі таңда робототехникада білім беру өте белсенді дамуда және білім беру бағдарламасына көптеген мектептерде енгізілді,мектептік командалар арасында өте көп жарыстар өткізіледі.

Қолданбалы математика және информатика кафедрасының ұжымы №16 и №66 мектептерінде қосымша сабақтар және үйірме жұмыстарын өткізеді. Робототехника саласындағы мамандар мен информатика пәнінің оқытушыларын шақырып семинарлар және мастер-класстар өткізіледі.

Ақпараттық жүйелер мамандығының студентері Лего комплектысын құрып жатыр.

 

 

Робототехникадан мастер-класс (2016ж. 26 қараша)