Кафедрада келесі ғылыми семинарлар жүргізіледі:

«Модельдер теориясының таңдаулы мәселелері» (ғылыми жетекшісі ф.-м. ғ. д., профессор Ешкеев А. Р.);

«Механиканың өзекті мәселелері» (ғылыми жетекшісі магистр, аға оқытушы Нурланова Б.М.).

Қазіргі уақытта кафедрада 7 докторант білім алуда: Касыметова М.Т., Ульбрихт О.И .; Үркен Ғ.А ., Жұмабекова Г.Е., Исаева А.К., Мусина Н.М., Омарова М.Т . Докторлық диссертацияға арналған тақырыптар: «Йонсондық теориясының рұқсаттылығы», «Йонсондық теориялардың гибридтерінің компаньондарының модельді-теоретикалық қасиеттері», «Дөңес йонсондық теориялардың централдық типтерінің модельді-теоретикалық қасиеттері» «Саналымды моделдердің экзистенционалды жай йонсондық теориясынын моделді-теоретикалық қасиеттері», «Рұқсат етілген байытулардағы йонсондық қосарлар».

2019 ж. 17-21 маусым аралығында Назарбаев Университетінде 16-шы Азия логикалық конференциясы өтті. Конференцияда математикалық логика және оны қолдану саласындары туралы профессор Ешкеевтің және оның докторанттары Уркен Г.А., Касыметова М.Т., Ульбрихт О.И., Мусина Н.М., Исаева А.К., Омарова М.Т., Жумабекова Г.Е. соңғы ғылыми жұмыстары ұсынылды. Ғылым және технологиялар мектебінің математика кафедрасының профессоры Манат Мұстафа: «Осы деңгейдегі математикалық логика тақырыбындағы конференция Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр» деп белгілеп өтті. Атауына қарамастан, конференцияға әлемнің барлық елдерінен қатысушылар қатыса алды. Атап айтсақ, осы жылы іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Канада, Қытай және Үндістанды қоса алғанда, 30 елден 100-ден астам математик қатысты.

2019 жылдың 12-14 маусым аралығында КарМУ Е.А. Букетов «Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасының ф.-м. ғылымдарының докторы, профессор М. И. Рамазановтың 70 жылдығына арналған «Математика, механика және информатиканың теориялық және қолданбалы мәселелері» атты конференциясы өтті, онда профессор А.Р. Ешкеев басқарған докторанттары мен магистранттар тобы өз баяндамаларын ұсынды.

Шаматаева Н.К., 2019 жылының 10 маусымында «Дөңес құрылымы қарапайым Йонссон теориялары және олардың моделдер кластары» тақырыбында докторлық диссертацияны сәтті қорғады. Ғылыми жетекшісі проф. Т.Г. Мұстафин атындағы «Алгебра, математикалық логика және геометрия» кафедрасының меңгерушісі ф-м.ғ.д., профессор Ешкеев Айбат Рафхатұлы және бірлескен жетекшісі Клод Бернард Лион-1 университетінің профессоры Бруно Пуаза, (Фанция).

Ахажанов Сұңғат Беркінұлы кандидаттық диссертацияны 2019 жылдың 29 тамызында Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінде «Нұр-Сұлтанға бұрғыланған қадаларды орналастыруға арналған геоақпараттық мәліметтер жиынтығын құру» тақырыбы бойынша диссертация қорғады және ол «6D072900 – Құрылыс» мамандығы бойынша кандидаттықдәрежесін алды. Қазір ол Қазақстан геотехникалық қауымдастығының (Қауымдастық) мүшесі.

2019 жылы 3-5 сәуір аралығында профессор А.Р. Ешкеев басқарған кафедрасының докторанттар тобы Қазақстан Республикасының ғылым қызметкерлері күніне арналған және Ұлттық ғылым академиясының академигі Станислав Николаевич Хариннің 80 жылдығына арналған Workshop «Problems of modelling progress in electrical contacts» атты дәстүрлі сәуірдегі халықаралық математикалық конференцияға қатысты.

Мех-209 тобының студенті Санатбек О.С. «Еңбектің практикалық маңыздылығы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Бөкетов оқулары – 2019: магистранттар мен студенттердің аймақ. ғыл.-тәжір. конф. катериалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2019 (ғылыми жетекші, магистр, аға оқытушы Б. Нұрланова).

14.06.16 – 21.06.18 аралығында аға оқытушы, PhD докторы Ахажанов С.Б. Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтанның 20 жылдығына арналған «The first ENU-HIT scientific forum» атты алғашқы ғылыми форумға қатысты (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан), Хачиног технологиялық институты (Жапония)) жаңа астананың геотехникалық инфрақұрылымын дамыту туралы.

2018 жылы кафедраның аға оқытушысы және докторанты Хабидолда О. Санкт-Петербургте (Ресей) өткен «Ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу: проблемалары мен шешімдері» атты ғылыми конференцияға қатысты.

«Ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу: проблемалары мен шешімдері» ғылыми конференциясы, Санкт-Петербург (Ресей), құрылғылармен танысу

2017-2018 оқу жылында Мех-409 тобының студенті Ұ.Оралбекова жыл сайынғы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ғылыми зерттеулердің Республикалық конкурсында үшінші орын алды.

2016-2017 оқу жылында «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайынғы студенттердің ғылыми зерттеулерінің республикалық конкурсында» «5В060300-Механика» мамандығының 4 курс студенті Нурпеисова Аяулым жүлдеге ие болды. Ол II дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші, п.ғ.к., доцент Г.Есенбаева).

24.09.2017-08.10.2017 аралығында физика-математика ғылымдарының докторы, АМЛжәнеГ кафедрасының профессоры Ешкеев Айбат Рафхатұлы Лион-1 унивесрситетінің жанындағы Камиль Жордан институтындағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, Францияның Лион қаласындағы Клод Бернар (Лион-1) университетінде модельдер теориясы бойынша семинар өткізді.

14.08.2017-20.08.2017 аралығында физика-математика ғылымдарының докторы, АМЛжәнеГ кафедрасының профессоры Ешкеев Айбат Рафхатұлы Швецияның Стокгольм қаласында өткен Логикалық коллоквиумға қатысты.

19.03.2017-25.03.2017 аралығында физика-математика ғылымдарының докторы, АМЛжәнеГ кафедрасының профессоры Ешкеев Айбат Рафхатұлы Чехия Республикасының Прага қаласында орналасқан Карлов университетінің физика-математикалық факультетінің «Алгебра» кафедрасында өткен алгебралық семинарда «The properties of Jonsson theories and their models» тақырыбында баяндама жасады.