Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары:

  • жуықтау теориясы және олардың қосымшалары;
  • функционалдық кластарды енгізу теориясы ;
  • ортогональдық қатарлар теориясы;
  • гиперболалық және параболалық типтегі периодты және жартылай периодты теңдеулер үшін шеттік есептер;
  • жүктелген дифференциалдық теңдеулер және олар үшін шеттік есептер;
  • бос шекаралы шеттік есептер.

Кафедра «Қолданбалы математика институты» РМҚК-н (Қарағанды қ.), Математика институтымен (Алматы қ.), сонымен қатар Алматы, Астана, Ресейдің ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста.

Кафедра мүшелері ҚРБжҒМ гранттары бойынша төменде көрсетілген іргелі-зертеу жұмыстарын орындауға қатысады:

1. Математикалық физиканың шеттік есептерінің айырымдық сұлбасы мен спектралды-жүктелген операторлар үшін шекаралық есептер. Орындаушы: ф.-м.ғ.д. Рамазанов М.И.

2. Әртүрлі ортогоналдық базисті Фурье қатары және олардың гармониялық анализдегі қосымшалары. Орындаушы: ф.-м.ғ.к. Битимхан С.

3. Сызықты емес апроксимация мен тегіс айнымалы функционалдық поперечниктер компактысы және операторлар класының қалпына келтірілуі. Орындаушы: ф.-м.ғ.д. Акишев Г.А.

4. Әртүрлі ортогональды базисті функционалдық кеңістіктер және оның гармоникалық талдау бойынша қосымшалары. Орындаушы: ф.-м.ғ.д. Акишев Г.А.

2006-2012 жж. реферативті журналдар, әртүрлі деңгейдегі конференциялардың еңбектер жинақтарында жалпы алғанда 66,15 б.б. көлемінде тезистер мен мақалалар жарық көрді; жалпы көлемі 84,93 б.б. құрайтын ғылыми- әдістемелік оқу құралдары мен 9 оқулық жарық көрді. 3 электронды оқу құралы тіркелген; 2 патент алынды; кафедра пәндері бойынша 104 оқу- әдістемелік кешен, 106 электронды лекциялар курсы, 141 мультимедиялық көрсетілім дайындалды.

Кафедрадағы жұмыс барысы

Солдан оңға қарай: Алдибекова М.С., Сыздыкова Р.А., Кошкарова Б.С., Рамазанов М.И.

2008 жылдан бастап М.И.Рамазанов Алматы қаласындағы ҚР Оқу және Білім министрлігі математика институтының жанындағы Д53.04.01 Диссертациялық кеңес мүшесі болып табылады, 2008-2009 оқу жылында ғылым мен техника дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия алды. 2009 жылы «Жылдың үздік оқытушысы» грантының иегері болды. «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Кафедра мүшелері М.И.Рамазанов пен Н.Т.Орумбаева «ҚарМУ хатшысы» журналының математика сериясының сәйкес редакторы және жауапты хатшысы болып табылады.

Ғ.Ақышев «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Акишев Г.А.облыстық және республикалық турларда жүлдегер атанған Қарағанды қаласының «Дарын» және №39 ОМ оқушыларының ғылыми жобаларының жетекшісі.

Профессор Акишев Г.А. дарынды балаларды қолдағаны үшін алғыс хат иеленді.

Кафедраның ПОҚ-ы түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады.

Кафедрада әрдайым ғылыми семинарлар өткізіліп тұрады. «Теория приближения функций» (жетекшісі: проф. Акишев Г.А.)

және «Нагруженные уравнения. Неклассические задачи уравнений математической физики» (жетекшісі: проф. Рамазанов М.И.)

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап факультетте 6D060100- Математика мамандығы бойынша Диссертациялық Кеңес жұмыс істеуде.

2017 жылы проф. Г.А. Акишев және доцент Н.Т. Орумбаеваның жетекшілік етулерімен студенттер Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында жүлделі орындарды иеленді (2 және 3 дәрежелі дипломдар).