2019 жылдың 12-13 маусымында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Математиканың, механиканың және информатиканың теориялық және қолданбалы сұрақтары» Халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференция физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов Мұрат Ыбырайұлының 70 жасына орайластырылған болатын.

Пленарлық отырыста баяндама жасады: Харин С.Н. – ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор, Өтелбаев М. – ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор, Ойнаров Р.О. – ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор, Дженалиев М.Т. – ф.-м.ғ.д., профессор.

ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Өтелбаев М.

ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Харин С.Н.

ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Ойнаров Р., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан

Секционные заседания проводились в живописном месте ТасБулак, г. Каркаралинск.

 

«Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданылуы. Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар. Механикалық жүйелерді және процесстерді модельдеу» секциясы

«Алгебра, математикалық логика, геометрия және топология. Функциялар теориясы және функционалдық талдау. Математика және информатика пәндерін оқытудың педагогикалық аспектілері. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында математикадағы, информатикадағы және механикадағы терминдерді аудару мәселелері» секциясы

Конференцияға Қазақстандық және шетелдік жетекші университеттердің және ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары мен олардың шәкірттері қатысты.

Профессор Апаков Ю. П. Наманган инженерлік-құрылыс институты, Наманган, Өзбекстан.

Профессор Аттаев А.Х. РҒА ҚБҒО Қолданбалы математика және автоматтандыру, Нальчик, Ресей.

Профессор Тураев Р.Н. ӨзҒА В.И.Романовский атындағы математика институты, Ташкент, Өзбекстан

Доктор PhD Luca San Mauro, Vienna University of Technology

Профессор Дженалиев М.Т., МММИ, Алматы.

Профессор Нурсултанов Е.Д., М.В. Ломоносов атындағы ММУ ҚФ, Қазақстан.

Профессор Баженов Н., С.Л.Соболев атындағы математика институты, Новосибирск, Ресей

Профессор Оспичев С.С., С.Л.Соболев атындағы математика институты, Новосибирск, Ресей

Оқытушылар жыл сайын әр түрлі халықаралық конференцияларға қатысады. Аспирантура, докторантура шеңберінде ғылыми ізденушілер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін сынақтан өткізу үшін шет жаққа іс-сапарларға шығады.

Факультет келесі Ломоносов атындағы ММУ, ЛМУ, НМУ, СОРАН Математика институты (Новосибирск қ.), Стеклов атындағы МҒА Математика институты, Патрис Лумумба атындағы университет (Москва қ.), МИЭТ, Саратовтағы мемлекеттік университет, РҒА Уфа ғылыми орталығы, Ресейдің алғашқы президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал Федералдық университеті, Екатеринбург қаласының ғылыми орталықтарымен ғылыми байланыс жүргізеді. Кафедра қызметкерлері шет елдер: АҚШ, Канада, Франция, Ресей, Кабардино-Балкария, Латвия шет елдерінің ғалымдарымен ғылыми байланыста.

International Congress of Mathematicians: Abstracts. Hyderabad India, August 19-27, 2010. Профессор Рамазанов М.И. (сол жақтан 2-ші)

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры М.И.Рамазанов және доцент Н.Т. Орумбаева 2017 жылдың 5-10 қазан аралығында М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің (Ташкент, Өзбекстан) математика факультетінде ұйымдастырылған «Математика және физиканың өзекті мәселелері» курсын (36 сағат) сәтті аяқтағаны туралы куәліктерін алды.

2016 жылы «6D060100-Математика» бағыты бойынша философия докторлық бағдарламасын жүзеге асыру жолында қонсалтингтік басшылықты қамтамасыз ету үшін физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.И.Рамазанов пен Шыңжаң университетінің (Үрімші, Қытай) профессоры Тұрдыбек Бекжан, 2017 жылы профессор М.И.Рамазанов пен Марибор университетінің (Словения) профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы В.Г.Романовский, сонымен қатар, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті М.Т. Космакова мен В.Г.Романовский түсіністік туралы меморандум жасасты.

Доцент Н.Т. Орумбаеваның ғылыми байланыстары нәтижесінде 2017 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры Е.Қ.Көбеев пен Херсон мемлекеттік теңіз академиясының ректоры В.Ф.Ходаковский ынтымақтастық туралы келісім жасасты.