2019 жылы 6-10 мамыр аралығында «Erasmus» бағдарламасы аясында профессор Ешкеев А. Катовице қаласындағы Экономика университетінде «Интернет байланысын басқару» атты 9-ші халықаралық аптасында «Модельдер теориясы» курсын өткізді (Польша, сертификат қоса тіркелді).

 

 

 

2018 жылы 24 қазаннан бастап Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті(Қазақстан Республикасы) мен Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті (Ресей) арасында докторанттардың (PhD) ғылыми жұмыстарына бірлесіп басшылық жасау туралы мемарандумға қол қойылды. Докторанттардың бірлескен жетекшісі «Алгебра және математикалық логикасы» кафедрасының меңгерушісі ф. м. ғ.д., доцент Судоплатов С.В. (Новосибирск, Ресей) тағайындалды.

19.04.2017-10.05.2017 аралығында студенттер мен магистранттарға Лион университетінің (Франция) профессоры Бруно Пуаза дәріс оқыды. Сонымен қатар кафедра оқытушылары мен докторанттарына ғылыми семинарлар жүргізілді.

2016 жылдың 31 шілдесі мен 6 тамыз аралығында Англияның Лид университетінде өткен Логикалық Коллоквиуымына 2016-ға ф.-м.ғ.д., Т.Ғ. Мустафин ат. Алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының профессоры Ешкеев Айбат Рафхатұлы қатысты.

2015 жылы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ешкеев Айбат Рафхатұлы қазіргі заманғы логиктердің ең ірі америкалық ұйымы болып табылатын Халықаралық символикалық логика қауымдастығының (Association for symbolic logic (ASL)) мүшесі атанды.

2013 жылы сәуір айының 14 жұлдызы мен мамыр айының 15 аралығында Лион университетінің (Франция) профессоры Бруно Пуаза математика және ақпараттық технологиялар факультетінде болып ағылшын және қазақ тілдерінде студенттерге, магистранттарға дәріс оқыды. Сонымен қатар ол кафедраның профессоры Ешкеев Айбат Рафхатұлымен ғылыми серіктестік жөніндегі құжаттарға қол қойды.