1967 жылы қыркүйек айында ҚарПИде «жоғарғы алгебра» кафедрасы ашылды. Оның бірінші меңгерушісі ҚарПИдің ректоры доцент С.Б.Баймурзин болды. Одан кейін 1969-1971 жылдары аға оқытушы Е.Қ.Асенов меңгерушінің міндеттерін атқарушы болып жұмыс істеді. Ол кезде кафедрада барлығы бес адам ғана болды. Олар: С.Б.Баймурзин, аға оқытушы Е.Қ.Асенов, аға оқытушы Ш.Г.Мусина, оқытушы И.С.Исаев және лаборант Д.Ж.Қошқарова.

1971 жылдың көктемінде Қарағанды педагогикалық институт негізінде Қарағанды мемлекеттік университетін ашу туралы мәлімдеме өз шешімін тапты. ҚарПИ дің физика-математика факультеті негізінде 2 факультет ашылды: физикалық және математикалық.

Математикалық факультетте алгебра және геометрия кафедрасын ашу жоспарланды.

Кафедра ашар алдында ҚарПИдің ректоры доцент С.Б.Баймурзин, М.В.Ломоносов атындағы МГУдің «жоғарғы алгебра» кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Г.Куроштың және С.М.Киров атындағы КазМУдің ректоры профессор А.Закариннің қолдауларына ие болды. Олар жас кафедраға қолдарынан келген көмектерін көрсетуге, лекциялар оқуға белгілі ғалымдар жіберуге, өздеріне ҚарПИдің жастарын стажер және аспирант етіп алуға ниет білдірді.

Университет ашылған 1972-жылы «жоғарғы алгебра» кафедрасының бірінші меңгерушісі болып тағайындалған жас ғалым Т.Ғ.Мұстафин өзінің ғылыми және ұстаздық жұмыстарын әрі қарай жалғастырды. Осы жұмыс барысында ол өзінің жоғарғы біліктілігін, терең білімділігін, ұстаздық шеберлігін және адами қасиеттерінің мол екенін көрсете білді.

Төленді Ғарифұлы Мұстафин үлкен тұлға, дарынды математик еді. ҚарМУ-дағы бірінші жұмыс күндерінен бастап Қарағанды ғылыми мектебінің болашақ мүшелерін көре білді және сол студенттермен бірге ғылыми жұмыстармен айналысты. Осы ғылыми жұмыстар процесінде Т.Ғ.Мұстафиннің өзі де ғылыми биіктерге көтерілді. Ол әр уақытта біріншілердің қатарында болуға ұмтылды. Ол С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогика институтының «Алгебра және геометрия» кафедрасының бірінші физика – математика ғылымдарының кандидаты, 1972 жылдан бастап Е.А. Бөкетов атындағы КарМУдың «Жоғары алгебра» кафедрасының бірінші меңгерушісі. КСРО ҒА Сібір бөлімі математика иниститутының арнайы ғылыми кеңесінде «Стабильные теории» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғап (1990 жыл), Қазақстанның орталық және солтүстік аймағында бірінші физика- математика ғылымдарының докторы атанды. Т.Ғ. Мұстафин өмір бойы өзінің жұмыстары және ғылыми еңбектері арқылы Қарағанды универстиеті және ҚМИ үшін бүкіл әлемдік математика қоғамдастыққа жол ашып келді. Ол ассистентік, кіші ғылыми қызыметкерден бастап профессор атағына дейін жетіп, университет проректоры және қолданбалы математика институты директоры қызметіне дейін өсіп, ғылыми және қызмет сатылардың барлығынан өтті.

Т.Ғ.Мұстафин жас кезінен бастап өмірінің соныңа дейін (1994 ж.) көптеген математиктердің халықаралық конгресстері мен конференцияларына қатысып, оларда көлемді баяндамалар жасады. Мысалы, 1966-жылдың тамызында Москвада өткен халықаралық конгрессінде баяндама жасап, математиктер арасында қызығушылық туғызды. Ол Линденбаум-Тарскийдің, Буль алгебрасының суператомды теориясының транценденттік модельдері туралы алғашқы нәтижелерін 1970-жылы алды. Оның бұл жұмысы КСРО-ның ішінде және бүкіл әлемде Морли жұмыстарынан кейін бірінші болды. Соның нәтижесінде Т.Ғ.Мұстафин 1971-жылы наурызда кандидаттық диссертациясын қорғады. Ол Хельсиники (Филляндия) қаласында өткен (1990шілде) бүкіл әлемдік халықаралық логикалық семинардың Пленарлық отырысында бір сағаттық баяндама, Парижде (Франция) өткен (1990 қараша) халықаралық семинарда үлкен баяндама жасаған. 1991-жылы қазан-қараша айларында Париждегі пост-доктарантурада болған.

Т.Ғ.Мұстафиннің ұйымдастыруымен 1990-жылы ҚарМУда 1-ші кеңес-француз коллоквиум өткізілді. Ол 1992-жылы Марсель (Франция) қаласында өткізілген II-Франция-ТМД коллоквиумының ұйымдастырушыларының бірі болды. 1994 жылы Алматыда өткізілген III-Қазақстан-Франция коллоквиуымына белсенді қатысты. Оларға Канада, Израиль, АҚШ, Германия, Швейцария және Ресейден математик ғалымдар қатысты. Оның 1994 жылы тамызда Цюрих (Швецария) қаласында өткен математика бойынша бүкіл әлемдік конгресте жасаған баяндамасының ғылыми жетістері жоғары деңгейде бағаланып, оған Д.Соростың арнайы гранты және Европа қоғамдастығының гранты тапсырылды.

Т.Ғ.Мұстафиннің модельдер теориясы және математикалық логиканың ірі мәселелерін шешуге арналған 100 ге жуық мақалалары, монографиялары және басқа да басылымдары бар.

Профессор Т.Ғ. Мұстафиннің ғылыми өміріндегі кейбір негізгі кезеңдер:

1966 жылы (тамыз) Т.Ғ. Мұстафин Москва қаласында өтетін математиктердің Халықаралық конгрессінде қатысқаны үшін арнайы хат алды. Оның баяндамасы конгресске қатысушылардың арасында үлкен қызығушылық туғызды.

1967 жылы ИММ АН КАЗ ССР институтына аспирантураға түседі

1970 жылы Т.Ғ. Мұстафин Линденбаум – Тарскийдің Буль алгебрасының суператомды теоремасының – трансцедентті модельдері туралы бірінші нәтижелерін алды. Т.Г.Мустафинның бұл ғылыми жұмысы КСРО мемлекеттердің ішінде бірінші, ал бүкіл әлемде Морли жұмыстарынан кейінгі болды.

1971 жылы (наурыз) Т.Ғ.Мұстафин кандидаттық диссертациясын қорғайды және Целиноград қаласына (педагогика институты ) жұмысқа барады.

1990 жылы (шілде) – Хельсинка қаласындағы (Финляндия) бүкіл әлемдік халықаралық логикалық семинардағы Пленарлық отырысында жарты сағаттық баяндама жасайды.

1990 жылы ҚарМУ-де І- кеңес – француз коллоквиумын өткізеді. Онда Франция, Канада, Израиль, АҚШ, Германия, Швейцария және Ресейден математик ғалымдар қатысты.

1990 жыл (қазан) – Новосибир қаласында докторлық диссертациясын қорғады.

1990 жыл (қараша) – Францияда (Париж қаласы) өткен халықаралық семинардағы модельдер теориясы бойынша үлкен баяндамасын жасады.

1991 жыл (қазан – қараша)- Париждегі пост- докторантура.

1992 жыл (қаңтар)- модельдер теориясы бойынша ІІ Франция – ТМД Коллоквиумына (Морсель қаласы) қатысып, оның ұйымдастырушыларының бірі болды.

1992 жыл (тамыз) – ҚарМУ-дің бірінші проректоры болып тағайындалды. Проректор ретінде істеген аз уақыт ішінде оқу процесін компьютерлерді пайдалану арқылы ұйымдастырудың жаңа бағытын ұсынды. Т.Ғ.Мұстафин есімі Университеттік білім беру концепциясы, студенттер білімін бақылаудың рейтингілік жүйесімен байланысты.

Т.Г. Мустафин 1993 жылдың тамыз айында Қолданбалы математика Институтының директоры болып тағайындалды. Оның басшылығында «Теоритикалық және қолданбалы логика» лабораториясы табысты жұмыс істеді.

1994 жылдың маусымында Алматы қаласында модельдер теориясы бойынша болып өткен ІІІ Қазақстан – Франция коллоквиумына қатысты

1994 жыл тамыз – Цюрих қаласында (Швейцария) математика бойынша Бүкіл әлемдік конгресінде баяндама жасады. Оның ғылыми жұмыстарын жоғары деңгейде мойындау белгісі ретінде Т.Ғ.Мұстафинға Д.Соростың арнайы гаранты және Европа қоғамдастығының гаранты тапсырылды.

Т.Ғ. Мұстафинның ғылыми жұмыстарына модельдер теориясы және математикалық логиканың ірі мәселелеріне шешуге арналған 100 – ге жақын монографиялар, мақалалар және басқа да басылымдар бар.

Т.Ғ. Мұстафинның үздік еңбектерін ескеріп 1995 жылы математика факультеті ұжымының ұсынысы бойынша «Жоғарғы алгебра» кафедрасына профессор Т.Ғ. Мұстафин атағы берілді.

Төленді Ғарифұлы Мұстафин көптеген жастардың ғылым жолына түсуіне үлкен еңбек етті, сонымен бірге кафедраның кеңейіп өсуі үшін ерінбей жүйелі жұмыстар жасады. Кафедрада алдымен алгебра саласы бойынша үйірмелер, одан кейін ғылыми семинарлар жұмыс істеді. Ғылыми мақалар оқылып, зерттеулер жүргізіліп, ғылыми орта қалыптастырылды. Бірінші буын студенттері: А.Викентьев (ф.м.ғ.к., Новосибирск), Т.Нурмаганбетов ф.м.-ғ.к., доцент, АҚШ-та экономика бойынша PhD дәрежесін алды (ф.м.ғ.к., Атланта, АҚШ), Н.Бокаев (ф.м.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), А.Ешкеев (ф.м.ғ.д., проф., ҚарМУ), Қ.Жетпісов (ф.м.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Е.Нурхайдаров (проф. Пенсильвании Университеті, АҚШ) және т.б.. Осы ғылыми үйірмеге тартылған М.И.Бекенов ( 1975-1980 жж. тағлымдамадан өткен және ҚазССР ҒА академигі А.Д.Таймановтың жетекшілігімен НМУ да диссертациялық жұмысын қорғаған), З.А.Боярская – Житникова (ҚазССР ҒА академигі А.Д.Таймановтың жетекшілігімен ИМСОАН СССР тағлымдамадан өткен және ҚазМУ проф. М.А.Тайцлиннің жетекшілігімен аспирантурада оқыған) секілді жас мұғалімдер де жұмыс істеді.

М.И.Бекенов 1985 жылдан бастап Қар ПИ-де жұмыс істеді. Ол алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі болды, физика-математика факультетінің декан қызметін атқарды. ҚарПИ және ҚарМУ қосылғаннан кейін алгебра, геометрия және математикалық логика кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Көптеген конференцияларда, 2 Халықаралық Франция – Қазақстан коллоквиумында қатысты.

Ф.м-ғ.д, профессор, кафедра меңгерушісі Ешкеев А.Р. профессор Т.Ғ. Мұстафиннің жетекшілігімен аспирантурада оқыды. 1995 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1994-1996 жж. халықаралық INTAS программасы көлемінде жұмыс істеді. АҚШ, Франция, Англия, Швеция, Финляндия, Австрия, Польша, Қытай, Малайзия, Сербия, Босния, Герцеговина, ОАЭ елді мекендерде «Алгебра және математикалық логика», жалпы «математика және оның қосымшалары» бойынша көптеген халықаралық конференцияларға қатысқан. Модельдер теориясы бойынша алты Халықаралық коллоквиумның қатысушысы. Оның ғылыми зерттеу тақырыбы: Ионсондық теорияның қасиеттері және олардың қолданылуымен байланысты мәселелер. Ол 2010 жылы желтоқсанда Евразия университетінің арнайы ғылыми кеңесінде докторлық қорғады. В 2016 жылы ЖОО-ның үздік оқытушысы атағына ие болды. Қазіргі уақытта кафедра професоры және меңгеруші қызметін атқаруда. Ешкеев А.Р. 3 монография, 2 оқу құралының, 200-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы.

1974 жылы кафедраға Минск МПИ бітірген П.Ф.Халецкая шақырылды. Ол В.С.Малахов басқарған дифференциалдық геометрия ғылыми бағытын жалғастырды. ҚарМУ редакторының бұйрығы бойынша 1979 жылға дейін кафедраны басқарған аға оқытушы Н.Т.Моргенюк кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы ретінде тағайындалды.

1976 жылы Тифлисс мемлекеттік университетінің аспирантурасынан кейін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған Г.А.Дерфель кафедраға қайта оралды. Ол кафедраның арнайы курсы дифференциал теңдеулер тақырыбын дифференциал – геометриялық әдістер және алгебралық топологиямен толықтырды

А.Т.Мусин Томск мемлекеттік университетінде аспирантурада сабақ алды. 1990 жылы Қазан мемлекеттік университетінде физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Ол дифференциалдық геометриямен байланысты тақырыптарға ғылыми зертеулер жүргізді

1984 жылы кафедра меңгеруші лауазымына Новосибир мемлекеттік университетін бітірген және Калинин мемлекеттік университетіндегі аспирантурада сабақ алған ф.-м.ғ.к, доцент Т.Х.Макажанова сайланды. Ол геометрияның жиындар кеңістігі және бейненің топологиялық әдістерін зерттеулер бағыты бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін Т.Х.Макажанова кафедрамызда қызмет атқарып келеді.

1988 жылдан бастап кафедрада А.А.Муканов жұмыс атқарады. Ол ҚарМУ-дің түлегі, КСРО ҒА СЭП Институтының (Ленинград қаласы) аспирантурасын бітірген және Ленинград мемлекеттік университетінде ф.-м.ғ.к., профессор А.М.Рубинов басшылығында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған.

1990 жылы Қарағанды қаласында моделдер теориясы бойынша «Бірінші Советтік-Француздік коллоквиум (СССР)» өтті.

(Б.Пуаза, А.Р.Ешкеев)

(А.Р.Ешкеев, К.Ласковски, А.Баудиш, Б.Пуаза, С.Биклер, М.Брестовски, М.Дикман, …, Б.Байжанов)

2000 жылы маусым айының 26-30 аралығында Қазақ-Француз коллоквиумы өткізілді. Оған Франциядан (7 адам), Ресейден (24 адам), Қазақстаннан (25 адам) барлығы 56 адам қатысты.

Открытие коллоквиума (Б.Пуаза, проф. Ж.С.Акылбаев, Ю.Н.Антипов, проф. Палютин Е.А.)

Участники коллоквиума (Каркаралы) 2012 жылы қыркүйек айының 18-20 аралығында профессор Т.Ғ.Мұстафинды еске алуға және 70 жылдығына арналған «Модельдер теориясы және алгебра» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Бұл конференцияға 50 адам қатысты.

Т.Ғ. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Ешкеев Айбат Рафхатұлы «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан» төс белгісімен марапатталған.

2016 жылдың 2 наурызында физика-математика ғылымдарының докторы, Т.Ғ. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының профессоры Ешкеев Айбат Рафхатұлы «Оқу пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістері: Пәндік-тілдік интегралданған оқыту (CLIL)» конференциясын ұйымдастыру мен өткізуге көрсеткен көмегі үшін Ұлыбритания елшілігі жанындағы Вritish Council алғыс хатымен марапатталды.