КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

1976-шы жылдың ақпан айында есептеу математикасы кафедрасы құрылды. Кафедраның негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі ф.м.ғ.к., профессор Әлмұханбетов Н.А. болды.

1976 жылык афедраның бірінші құрамы

Ол кафедраның алғашқы оқытушылары Ә.М. Бабалиев, Ж.Ж. Жанабеков, Х.М. Сағындықов, М.М. Сүртебаев, З.Н. Біржанова, А.Б. Дүйсенбина, С. Балқыбаевалармен бірге аз уақыт ішінде қолданбалы математика саласында жоғары деңгейдегі мамандарды дайындап шығара алды. Алғашқы ғылыми ізденушілер болашақ академик Ш. Смағұлов пен профессор М.М. Мұздақбаев болды. Кейіннен кафедраның меңгерушілері: доцент Ильин И.А. (1984-1989), доцент Мұздақбаев М.М. (1989-1994), доцент Искаков К.Т. (1994-1997), доцент Букенов М.М. (1997-1999), доцент Дұрмағанбетов А.А. (1999-2000), доцент Әлібиев Д.Б. (2000-2002), доцент Искаков К.Т. (2002-2003), профессор Халманов Х.Ж. (2003-2006), доцент Әлібиев Д.Б. (2006-2012), доцент Омаров А.М. (2012-2013), доцент Спирина Е.А. (2013-2016),профессор Казимова Д.А. 2016 жылдаң қазіргі уақытқа дейін.

Кафедра студенттерінің бірінші түлектері

Кафераны құрудағы және онда жаңа ғылым-педагогикалық мамандарды дайындаудағы негізгі мақсат математика факультетінде жаңа педагогикалық емес «Қолданбалы математика», кейін «Информатика» мамандықтарын ашу болып табылады. Бұл мамандықтар бойынша лизенциялар алынып, алғашқы студенттер қабылданды.

Кафедра оқытушыларының жоғарғы мектеп дамуының тенденцияларына, ақпараттық технологиялар және білім беруді ақпараттандыруға сәйкес болу ынтасы кейбір өзгертулерге негіз болды, осының нәтижесінде кафедраның атауы төмендегідей болып өзгертілді:

  • 1996-шы жылы кыркүйекте – Есептеу математикасы және есептеу техникасын программалық қамтамасыздандыру;
  • 1997 жылы қыркүйекте – Қолданбалы есептеу математикасы;
  • 2003 жылы ақпанда – Қолданбалы математика және информатика.

2017 жылғы кафедра құрамы

Кафедраның негізгі міндеті республиканың және аймақтың қоғамдық өмірінің түрлісалаларында инновациялық, кәсіби тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін заманауи білім беру және ақпараттық технологиялар негізінде информатика, механика, техника және экономика салаларында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.

Кафедраның электрондық поштасы e-mail:KarGU_pmi@mail.ru