Математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы (қысқаша МжИОӘ) педагогика институтының элементарлық математика және математика әдістемесі аттас екі кафедра базасында 60 жылдан астам уақыт қалыптасып, оның ішінде 40-жыл академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де қызмет етуде. Кафедраның бүкіл қызметінің барысында оның басты міндеті болып түлектерді кәсіби маман ретінде – келешек математика мұғалімдерін даярлау болып табылады.

1994 жылдан бастап көпсалалы болып университеттің барлық факультеттерінде «Математика», «Жоғарғы математика», «Математиканы оқыту әдістемесі», «Информатика» пәндерінен сабақтар жүргізеді.

Кафедра бастауында шығармашылық тұлғалар, тәжірбиелі мұғалімдер, әдіскерлер: аға оқытушы Мирау Борис Эдуардович (1952–1972 жж. кафедраны меңгерушісі), п.ғ.к. доцент Баймурзин Сейткали Баймурзинович (1972-1976 жж. – кафедра меңгерушісі), п.ғ.к. Кострикина Нина Петровна (1976-1992 жж. – кафедра меңгерушісі) тұрды. 1993 жылдан кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Бертисканова Камшат Турсуновна, 2013 жылдан бастап кафедраның меңгерушісі ретінде ф.-м.ғ.к., доцент Сыздыкова Назым Косарбековна тағайындалды.

1972 жылы құрылған университеттің алғашқы күнінен бастап п.ғ.к., доцент С.Б. Баймурзин математиканы оқыту әдістемсі кафедрасының меңгерушісі болды.

Баймурзин С.Б. 1952 жылдан 1972 жылға дейін педагогика институтының ректоры болды.

Бірге жұмыс істеп, қарым-қатынаста болған барлық адамдардың жүрегінде ол адам дара тұлға, тамаша педагог, талантты жетекші ретінде танылды және солай болып қала береді.

Оның ұйымдастырушылық, ғылыми, педагогикалық қызметі басшылығындағы педагогикалық қызметті насихаттауы өз негізінде мемлекеттік университет ашылуының фундаментальды базасы бола алды. Бірінші ректоры академик Е.А.Бөкетов болды.

П.ғ.к., доцент С.Б. Баймурзинның жетекшілігімен кафедрада аға оқытушы, Ұлы Отан соғысына қатысқан К.М.Махметов, педагогика институтының бұрынғы кафедра меңгерушісі Б.Э.Мирау, п.ғ.к., доцент С.Б.Букубаева, п.ғ.к., доцент Н.П.Кострикина, аға оқытушы Э.Я.Пыркова, оқытушы Ж.А.Муксынова жұмыс істеген. С.Б.Баймурзин жетекшілік еткен кезден бастап аға оқытушы А.А.Бердалиева (1971 жылы Ташкенттің педагогика институтын үздік аяқтап, 1975 жылы Мәскеу, АПН СССР кезінде НИИ СиМО-ның күндізгі аспирантурасын бітірген), қазір құрметті демалыста; күндізгі және кешкі мектептерде бес жыл еңбек еткеннен кейін (алғашқыда мұғалім, кейіннен оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған) кафедраға шақырылған п.ғ.к., К.Т.Бертисканова өз еңбек жолын бастаған.

К.Т.Бертисканова педагогика институтын 1972 жылы үздік аяқтаған түлегі.

С.Б.Баймурзин кафедра меңгерушісі ретінде барлық оқытушыларды оқытушылық қызметімен қоса белсенді ғылми-зерттеу, кейіннен кандидаттық диссертация жұмыстарымен айналысуларын жақтап, белсенді қолдады. Кафедрада оның қатаң қадағалап қолдауымен доцент Н.П.Кострикина кандидаттық диссертациясын жалғастырып, қорғады. Өзінің меңгерушісінің, ақылшысының кеңесімен Қ.Т.Бертісқанова өз кандидаттық диссертациясын 1991 ж. Алматы қаласында «Совершенствование методов контроля и оценки знаний, умений и навыков учащихся на основе применения математико-статистических методов» тақырыбында қорғады. Кафедрада әр қилы уақытта түлектердің кәсіби және әдістемелік дайындығын оқытушылар М.И.Церр, М.Г.Кузнецова, Б.О.Қантарбай, Ж.К.Медеубаева, Г.Т.Қарсыбай, Н.У.Джунульбекова және т.б, іске асырды. Кейін кафедраға келіп жұмысын жалғастырып жүрген аға оқытушылар Т.С. Григорьева, Д.К. Шегирова, Т.В. Заикина, Д.М. Ахманова, Р.Ж. Толеуханова, Бейсенова Д.Р.

2004-2005 оқу жылында кафедраға 2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-тін үздік бітірген жас мамандар, магистранттар Г.А.Абишева, М.В.Гимранова келді. 2005 жылы Г.А.Абишева 010101-«Математикалық талдау» мамандығы бойынша аспирантураға түсті. Оқытушылар А.С.Щульгина-Таращук, Ардашева М.В. 010101-«Математикалық талдау» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

2007-2008 оқу жылының басында ректор бұйрығымен «Математика және модель құру әдістері» (МММ) кафедрасы «Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі» (МПМиИ) кафедрасына қосылып кафедраның бұрыңғы атауы «Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі» болып қалдырылды.

МММ кафедрасы 1991 жылы ақпаннан бастап жұмыс істеп жалпы университеттік бағытта болды. 1994 жылы кафедраның аты «Математика және модель құру әдістері» болып өзгертілді. 1991 жылдан 1996 жылға дейін кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.д., профессор Н.А.Бокаев, қазіргі кезде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, «ЖОО-ң үздік оқытушысы» республикалық грант иегері; 1999 жылдан 2001 жылға дейін ф.-м.ғ.д., профессор Е.Д.Нурсултанов, қазіргі кезде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының профессоры, КНАСОН эксперттік кеңесінің төрағасы, Қ.Сатпаев атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «ЖОО-ң үздік оқытушысы» республикалық грант иегері; 2001 жылдан 2002 жылға дейін ф.-м.ғ.к.,доцент Т.У.Аубакиров, 2002 жылдан 2006 жылға дейін ф.-м.ғ.к.,доцент К.А.Бекмагамбетов, 2006 жылы кафедра меңгерушісі докторантурадан келген ф.м.-ғ.к., доценті Т.У.Аубакиров болды.

Кафедрада әр жылдары жұмыс істегендер аға оқытушы Г.С.Сағындықова – қазіргі кезде зейнеткерлікте; ф.-м.ғ.к.,доцентХ.Ж.Байшагиров – қазіргі кезде Ш.Уалиханов атындағы КМУ-де профессор, ф.-м.ғ.д.; А.Д.Түлкібаев – қазір Х.Нурмуханов атындағы КСГК коледжінің директоры; С.А.Джумабаев – қазіргі кезде ҚарМУ-нің БЕжА кафедрасының доценті, «ЖОО-ң үздік оқытушысы» республикалық грант иегері; З.Р.Сүлейменова – қазіргі кезде Л.Н.Гумилев атындағы ЕНУ доценті; Д.С.Каримов – қазіргі кезде «Қарағанды Су» қаржы директоры; ф.-м.ғ.к., С.Т.Махашев – қазіргі кезде Астана қаласының президенттік мектебінің оқытушысы, ҚР жас ғылымдарға арналған мемлекеттік стипендисының екі мәрте иегері; Т.О.Оматаев – қазіргі кезде «Фемида» институтының кафедра меңгерушісі.

Кафедра математика және ақпараттық технологиялар факультетінде «5В010900-Математика» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар дайындайды.

Кафедрада педагогика ғылымдарының 3 кандидаты жұмыс істейді – Бертісқанова К.Т., Кенеш А.С., Косыбаева У.А., физика-математика ғылымдарының 2 кадидаты – Сыздыкова Н.К., Ахманова Д.М., 1 техника ғылымдарының кандидаты – Кажикенова А.Ш, PHD доктор – Зулхажав А, магистрлер 6 – Шульгина-Таращук А.С., Ардашева М.В., Кервенев К.Е., Кауымбек И.С., Оразбекова Р.А., Сейтимбетова А.Б.

2015жылы доцент Кажикенова А.Ш. «2015 жылға ЖОО-ның Үздік оқытушысы» атағын алды, сондай-ақ, Т.Г.Мустафин атындағы премия иегері болды.

2016 жылы аға оқытушылар Бейсенова Д.Р. және Искаков С.А. 6D060100 – Математика мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ докторантураға сәйкесінше түсті, ал Зулхажав А. 6D060100 – Математика мамандығы бойынша PHD докторы атанды