«Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасы 2006 ж. 28 тамызында математика факультетінің екі іргелі «Математический анализ» және «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» қосылуынан құрылды.

«Математикалық анализ» кафедрасы университеттің көпкырлы білім беру жүйесінде ең негізгі кафедраның бірі болған. Негізгі математикалық анализ, функционалдық анализ және комплекстік айнымалы функциялар теориясы курстарымен бірге оқу жолспары бойынша математика және физика факультеттерінің күндізгі және сыртқы бөлімдерінде қолданбалы сипаттағы сұрақтарды оқып үйретуде арнайы курстар мен талдаудың қосымша тараулары оқытылды.

Смаилов Е.С.

Университеттің құрылуына дейін «Математикалық анализ» кафедрасы Қарағанды педагогикалық институтының физика-математика факультетінің құрамында болды. Ол уақытта кафедраны ф.-м.ғ.к., доцент В.А.Нам басқарды. 1972 ж. университеттің ашылуымен осы кафедраны басқаруға Қазақ политехникалық институтынан ф.-м.ғ.к., доцент М.А.Перевертун шақырылған, ол осы қызметте 1978 жылға дейін жұмыс істеді. Әр жылдары кафедраны меңгергендер ф.-м.ғ.д., профессор Смаилов Есмуханбет Сайдахметович, ф.-м.ғ.к., доцент Акишев Г.А., ф.-м.ғ.к., доцент Жантлесов Ж.Х., ф.-м.ғ.д., профессор Кусаинова Л.К., қызмет істегендер: ф.-м.ғ.к. Р.Х. Тенчурин, ф.-м.ғ.к. М.Н. Носербеков, ф.-м.ғ.к. Рамазанов М.И., ф.-м.ғ.к. Макажанова Т.Х., ф.-м.ғ.к. В.Д. Тен, ф.-м.ғ.к. Л.В. Хан, ф.-м.ғ.к. Абдрахманов Н.Г., ф.-м.ғ.д., профессор Бокаев Н.А., ф.-м.ғ.д., профессор Нурсултанов Е.Д., д.ф.-м.н. Тлеуханова Н.Т., к.ф.-м.н., доцент Швейдель А.П., к.ф.-м.н., доцент Сексенбаева А.К., ф.-м.ғ.к. Аубакиров Т.У., ф.-м.ғ.к. Есмагамбетов М.Г., аға оқытушылар Сейфуллина Л.К., Бимахимова С.А., Есбаев Н.К., Берниязов Е.Е., Тулькубаев А.Д., Ешкеев А.Р., Яксубаев К., Мурасов Ф.Ф., Садуова Г.Ж., Усербеков М.К., Жекебаев С.Ш., Байсалова М., Глущенко О.Н., Беккер М.Н..

1983 жылы кафедрада профессор Е.С. Смаиловтың жетекшілігмен аспирантура, 1999 жылы – магистратура, ал 2001 жылы – 01.01.01-математикалық анализ мамандығы бойынша докторантура ашылды. 1996-2000 жж. аралығында докторлық диссертацияны қорғағандар: Смаилов Е.С., Бокаев Н.А., Нурсултанов Е.Д., Кусаинова Л.К. Әртүрлі жылдарда профессорлар Смаилов Е.С., Бокаев Н.А., Нурсултанов Е.Д., Кусаинова Л.К. және доцент Г.А. Акишевтің жетекшілігімен кафедраның 20-дан астам түлектері кандидаттық диссертацияларын қорғады.

Қарағанды математикалық мектебінің еңбегі сіңген жетістігі үшін 2000 ж. Е.А.Бөкетов атындығы Қарағанды мемлекеттік университетінде 01.01.01-математикалық анализ мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаудың К.14.50.03 Кеңесінің ашылуы. Кеңестің төрағасы профессор Смаилов Е.С., ал Кеңес төрағасының орынбасары – профессор Бокаев Н.А. болды. Кафедраның үш мүшесі доцент Акишев Г.А., доцент Жантлесов Ж.Х., доцент Махашев С.Т. диссертациялық Кеңес құрамына енді.

«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» кафедрасы 1972 ж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін бірден ашылды. Кафедра ашылған мезетте жұмыс істегендер 3 доцент (ол уақытта факультет бойынша жоғары дәрежелі оқытушының жартысы), 2 аға оқытушы және 2 ассистент оқытушы. Кафедраның ПОҚ дифференциалдық теңдеулер, инегралдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері, математикалық моделдеу әдістері, математикалық физика әдістері мен арнайы курстардан лекциялық курстар оқылды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі доцент Игликов Абдрахман Игликович болды. Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып ф.-м.ғ.к., доцент Сматов Т.С., ф.-м.ғ.к., доцент Елефтериади Ю.И., ф.-м.ғ.к., доцент Омаров Т.Е., ф.-м.ғ.к., доцент Абдыманапов С.А., ф.-м.ғ.к., доцент Рамазанов М.И., ф.-м.ғ.д., профессор Кусаинова Л.К., ф.-м.ғ.к., доцент Кошкарова Б.С., ф.-м.ғ.к., доцент Жанбусинова Б.Х. қызмет етті. v

Кафедраның дамуына, өсуіне елеулі үлкен үлес қосқан, белсенді қатысушылары: профессорлар Игликов А.И.,

Игликов А.И. Абдыманапов С.А., доценттер Сматов Т.С., Омаров Т.Е., Ефимов В.В., Рамазанов М.И., Мухтаров М.М., Алибаев М.А., Байшагиров Х.Ж., Сагындыкова К.С.

1992 ж. кафедрада 01.01.02–дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика мамандығы бойынша аспирантура, ал 1995 ж. – магистратура ашылды. Кафедраның бар болып тұрған мезгілінде 8 кандидаттық диссертация, 2 докторлық диссертация қорғалды.

2005 №. Бастап бүгінгі күнге дейін 5 кандидаттық диссертация (Кошкарова Б.С., Шаяхметова Б.К., Орумбаева Н.Т., Есенбаева Г.А., Искакова Г.Ш.) және 2 докторлық диссертация (Рамазанов М.И. 2006 ж., Акишев Г.А. 2010 ж.) қорғалды.

Доцент Жанбусинова Б.Х. Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Біріктірілген «Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасында, қазіргі уақытта, кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Бітімхан С. басшылығымен біліктілігі жоғары ұжым жұмыс жасайды. Кафедраның 10 мүшесінің 7-інде ғылыми дәреже және атақ бар: физика-математика ғылымдарының докторы – 1, физика-математика ғылымдарының кандидаты – 4, педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, «Mатематика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) – 1. Кафедраның ПОҚ ғылыми-зерттеушілік жұмыспен, оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарумен белсене айналысады, факультеттің және университеттің тәрбиелік және қоғамдық жұмыстарына қатысады.

Кафедра құрамы