Педагогика ғылымдарының кандидаты, математика және ақпараттық

технологиялар факультетінің деканы

Казимова Динара Ашубасарқызы

Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің мақсаты

Түйіндеме. Факультет 1972 жылы педагогика институтының бұрынғы физикаматематика факультеті негізінде құрылды.

Факультет мамандарды, ғылыми қызметкерлерді, педагогтарды, инженербағдарламашыларды, инженермеханиктерді, ақпараттық жүйе инженерлерін, экономиотматематиктерді, жүйелік бағдарламашыларды дайындайды. Факультет түлектері математика және информатика оқытушылары, жаңа ақпараттық технологиялармен байланыоты әр түрлі оаладағы ұйымдарда инженербағдарламашы, ғылымизерттеу орталықтарыцца қызметкер, банктік және оалық жүйелерінде инженербағдарламашы, мектептерде, орта арнаулы оқу орыңцарыңца мұғалім, халық шаруашылығының әр түрлі оалаларында математикалық әдіотер мен ЭЕМ қолдану бойынша маман ретінде қызмет етеді.

Барлық мамандықтарда оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Абитуриенттер барлық мамандықтарда ҰБТ және комплекстік тестілеу қорытындысы бойынша мемлекеттік гранттар және ақылай негізде қабылданады.

Факультет Франция, Германия, АҚШ, Ресей, Швеция, Кабардино-Балкария, Латвия және тағы басқа елдердегі ғылыми орталықтармен тығыз байланыста.

Факультетте 62 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде 2 оқытушы ғылым докторлары, 19 ғылым кандидаттары, 5 PhD докторлары.

Факультеттің оқытушылары студенттер мен магистранттардың жоғары білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған үлкен ғылыми-әдістемелік жұмыс атқарады.

Факультеттегі кредиттік білім беру жүйесі студенттерге өз оқу жолын (пәндерді және оқытушыны таңдау) қалыптастыруға мүмкіндік береді, мұндай білім беру жүйесі студенттерге өзіндік жұмыстың үлкен көлемін ұсынады, яғни бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға бағытталған. Cондай-ақ Факультетте ғылыми жұмыстарға да көп көңіл бөлінеді.Оқытушылар ҚР БҒМ Математика институтының (Алматы қ.), ҚР БҒМ Қолданбалы математика институтының (Қарағанды қ.) және Қазақстан көпбейінді институтының (Қарағанды қ.) ғалымдарымен бірге ғылыми қордың қаржыландыруы бойынша ғылыми зерттеулер әзірлеуге қатысады. Профессор T.Ғ. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының оқытушылары Лион университетінің (Франция) ғалымдарымен бірлесіп PICS-541 жобасын ұзақ уақыт бойы жасап келеді, осы жоба аясында бес рет қазақ-француз колллоквиумдары өткізілді (Францияда және Қазақстанда кезекпен кезек). Шет елде PhD докторлық диссертацияларын қорғаған факультет түлектері: Нурмагамбетов Т.А., Шакимов А.,. Мустафин Е., Нурхайдаров Е., Толеуов К. (США), Акишев Г. (Новая Зеландия), Бокушева Г. (Швейцария), Халманова Д. (Голландия).

Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының профессоры М.И. Рамазанов 2008 жылдан бастап ҚР БжҒМ Алматы қаласының Математика институтындағы Д53.04.01 Диссертациялық кеңесінің мүшесі атанды, ал, 2008-2009 оқу жылында техника ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды. 2009 жылы «Жылдың үздік оқытушысы» грантын иемденді.

Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ұжымы спорттық жарыстарға жиі қатысады: еркек және әйелдер топтары әрқашан университет ректорының Сергектік және денсаулық Кубогына спартакиадада бірінші орын алады. Факультет оқытушылары аймақ мектептерінің оқушыларымен белсенді жұмыстар жүргізеді, мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар жүргізуге қатысады.

Студенттер оқудан тыс жұмыстармен де айналысады: ҚарМУ Студенттер мәдениет сарайында жүргізілетін көркем және халық шығармашылық үйірмелеріне, түрлі спорттық секцияларға қатысады. 2008 жылы математика факультетінің студенті Рустам Хуснутдинов аймақ бойынша шахмат бойынша халықаралық гроссмейстері болды.

Факультет оқытушылары факультет миссиясын орындауға, жас ұрпақты өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға әрқашан зор үлесін қосуда.