Информатика және бағдарламалау бойынша жыл сайынғы қалалық қашықтықтан өткізілетін ашық олимпиада

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің негізінде 2021 жылдың 17-18 ақпанында информатика және бағдарламалау бойынша жыл сайынғы қашықтықтан өткізілетін ашық олимпиада өткізіледі.

Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназиялары мен мектеп-интернаттарының 10-11 сынып оқушылары шақырылады.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан құрылды. Қатысушы тіркелу үшін: e.ksu.kz сайтына кіру қажет, “Олимпиада” мәзірінен “информатика және бағдарламалау бойынша Олимпиада” тармағын таңдау керек, “Тіркеу” сілтемесін басу қажет (тіркеу функциясы тестілеу күнін қоса алғанда қол жетімді). Нәтиже тест аяқталғаннан кейін дереу шығарылады және 22.02.2021ж. сайтта жарияланады (https://olimpiada.ksu.kz/informatika/resultat.htm).

Жүлделі орындарға ие болған олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады, оларды 2021 жылдың 23 ақпанынан 26 ақпанына дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қарағанды қ., Университетская 28, 2 корпус, 321 аудитория, тел.: 87789121686

Leave a Reply