Оқу жылында кафедрада механика саласында мамандандырылған студенттердің топ кураторының (Нурланова Б.М., Бимендина А.У., Асетова Л.С.) жетекшілігімен кафедрада тәрбие жұмыстары жүргізілуде.Механика бойынша мамандандырылған топтар арасында пікірталастар мен кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілді.

Өткізілген кураторлық сағаттар мен мерекелік кештердің тақырыптары мен қысқаша мазмұны: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру», «Оқу процесінде туындайтын проблемалар туралы», «Қысқы емтихан сессиясының нәтижелері туралы», «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық толеранттылық тұжырымдамасы»,«Діни экстремизм мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»,«Әлеуметтік желілердегі жауапкершілік туралы »,« Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау », «2019 жылғыы студенттерді оқу жетістіктерін бағалау туралы» және т.б.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы пікірсайыс

«Robotics and Intelligent machine» зертханасындағы студенттер

Математика факультетінің студенттерінің көпшілігі № 2 жатақханада тұрады. Сондықтан, оқу жылының басынан бастап кафедра оқытушылары кесте бойынша №2 жатақханада кезекшілікте болып турады, олар жатақханада тұратын студенттердің қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалап, олардың тұру жағдайымен танысты.

Сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысады.

Кафедраның қызметкерлері факультеттің барлық іс-шараларына белсенді қатысады, оның ішінде «Ректор кубогы» атты салауатты-спорттық спратакиадаға, әскери-спорттық шараларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Кафедрада “Дарын” мектеп-интернаты мен “Нұрмұқан” атындағы мамандандырылған мектептермен филиал құру шарты жүзеге асырылған. Кафедра оқытушылар құрамы мен мектеп мұғалімдері, оқушылары арасында тәрбиелік маңызы зор іс шаралар өткізіледі. Кафедра студенттері осы мектеп орындарда өткізілетін олимпиадаларға, конференцияларға және көрмелерге ат салыса қатысады.