Факультетте тәрбиелік жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі: қоғамдық-саяси және құқықтық, әскери-патриоттық, өнегелі, мәдени-эстетикалық және этномәдени, экологиялық, әлеуметтік, студенттердің шығармашылық және ғылыми зерттеу потенциалдарының дамуы, діни экстремизмнің, тәртіп бұзушылығының, наркоманияның профилактикасы, сонымен қатар жатақханадағы тәрбиелік жұмыс.

Кураторлардың жетекшілігімен ай сайын салауатты өмір сүру, наркоманиямен шылым шегуге қарсы күрес, діни экстремизм және террорлыққа қарсы күрес, әлеуметтік қоғамда және тұлғаның жан-жақты дамуы тақырыбында кураторлық сағаттар жүргізіледі және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың лекциясы мен Үндеуі талқыланады.

Кафедраның ПОҚ-мен бірге студенттер мәдени-жаппай шараларының ұйымдастылуы мен жүргізілуіне қатысады, атап айтқанда «ҚР Конституциясы күні», «ҚР тәуелсіздік күні», «Наурыз», «Жеңіс күні», «Ретро кеші» және т.б.

Студенттер С.С.Сейфуллин атындағы қазақ драмалық театрында, Станиславский атындағы орыс орыс драмалық театрында, музыкалық комидия театрында, кинотеатрларға, көркемөнер көрмелеріне, мұражайларға барып, қатысып отырады.

Салауатты өмір сүру мақсатында кафедра мүшелері жыл сайын ҚарМУ-і ректорының Кубогында ПОҚ-ң спартакиадасына қатысып отырады.

М-204 тобы Универсиада қатысушыларымен кездесуде 2017.

М-204 тобы Наурыз мейрамына дайындықта-2017.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған М-204 және М-104 топтарына жүргізілген кураторлық ашық сабақ.

Кафедраның ПОҚ Қарағанды қаласының НИМ химия-биологиялық бағытының оқушыларымен жиі кездесулер ұйымдастырады.

проф. Акишев Г.А. оқушылар арасындағы ғылыми жобалар сайысының қазылар алқасының мүшесі болып табылады.

проф. Рамазанов М.И. НИМ мұғалімдері және оқушыларымен бірге.

7.11.2017 – Кафедра күні.

Кафедраның ПОҚ, Кафедра күніне арнап, студенттермен бірге №2 жатақханада немесе факультетте мерекелік іс шаралар өткізуде.

М-304 тобының студенттері Тунгушбаева Индира және Абеуова Венера Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегерлері.