image 1 image 2 image 3 image 4

жалпы ақпарат


Физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика және ақпараттық технологиялар
факультетінің деканы
Алибиев Даулет Будешович

Факультет 1972 жылы педагогика институтының бұрынғы физика-математика факультеті негізінде құрылды.

Математика факультетінің миссиясы аймақтың қоғамдық өмірінің түрлі cалаларында инновациялық кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге аcыру үшін заманауи білім беру және ақпараттық технологиялар негізінде математика, механика және информатика cалаларында бәcекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады. Факультет мамандарды, ғылыми қызметкерлерді, педагогтарды, инженер бағдарламашыларды, инженер механиктерді, ақпараттық жүйе инженерлерін, экономиcт математиктерді, жүйелік бағдарламашыларды дайындайды. Факультет түлектері математика және информатика оқытушылары, жаңа ақпараттық технологиялармен байланыcты әр түрлі cаладағы ұйымдарда инженер бағдарламашы, ғылыми зерттеу орталықтарында қызметкер, банктік және салық жүйелерінде инженер бағдарламашы, мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында мұғалім, халық шаруашылығының әр түрлі салаларында математикалық әдістер мен ЭЕМ қолдану бойынша маман ретінде қызмет етеді.
ары қарай оқу

факультет тарихы


РҒА академигі С.С.Гончаров ҚарМУ математиктерінің арасында 1988 ж.

Математика факультеті 1972 жылы педагогикалық институттың физико-математикалық факультетінің негізінде құрылды.

Бірінші математиктерді Қарағанды қаласындағы мұғалімдік институттың 1944 жылы ашылған физико-математикалық факультеті дайындады. 1952-1972 жылдар аралығында педагогикалық институттың ректоры болған п.ғ.к., доцент С.Б.Баймурзин математикалық білімнің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, С.Б.Баймурзин 1967-1969 жылдар аралығында жоғарғы алгебра кафедрасының меңгерушісі, ал 1972-1976 жылдары математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Бұл лауазымдарды иелене отырып, Сейткали Баймурзинович жас мұғалімдерге тек ғылыми бағытын анықтауда ғана емес, сонымен қатар, стажировкалар және шығармашылық демалуларды қолдай отырып, олардың аспирантурада оқуларына үлкен көмек көрсетті.
ары қарай оқу

Профессор Т.Ғ.Мұстафин атындағы «Алгебра, математикалық логика және геометрия» кафедрасы

1967 жылы қыркүйек айында КарПИде «жоғарғы алгебра» кафедрасы ашылды. Оның бірінші меңгерушісі КарПИдің ректоры доцент С.Б.Баймурзин болды.
ары қарай оқу

Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулер кафедрасы

«Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасы 2006 ж. 28 тамызында математика факультетінің екі іргелі «Математический анализ» және «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» қосылуынан құрылды.
ары қарай оқу

Математика және информатика әдістемесін оқыту кафедрасы

Математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы (қысқаша МжИОӘ) педагогика институтының элементарлық математика және математика әдістемесі аттас екі кафедра базасында қалыптасты.
ары қарай оқу

Қолданбалы математика және информатика кафедрасы

1976-шы жылдың ақпан айында есептеу математикасы кафедрасы құрылды. Кафедраның негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі ф.м.ғ.к., профессор Әлмұханбетов Н.А. болды.
ары қарай оқу

кафедралар

байланысу

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Математика және Ақпараттық технологиялар факультеті

Караганды қ., Университетская көшесі 28

№2 ғимарат

телефон:77-03-95